"Рамазан" ЖШС: Әлеуметтік нан бағасы әзір өзгермейді.
Шаһардағы көтерме сауда орталықтарында "Рамазан" зауытынан шыққан нанның бағасы 87 теңге тұрады. Өндірістен әлеуметтік дүкендерге 86 теңгеде. Ал, көтерме сауда орталықтары жеткізілген нанның үстіне 1 тг қосып, яғни 87 теңгеден қала тұрғындарына сатылуда. "Рамазан" серіктестігі директоры Гүлжайна Ноғаеваның айтуынша, әлеуметтік нанның бағасы соңғы үш жылда өзгермеген.Қорда ұн жеткілікті. Қоймада 1 жылға жететін ұн сақтаулы. 550 грамдық нанды өндіру үшін 1 сұрыпты бидай ұны қолданылады. Күніне 50 - ге жуық жұмысшы 25 мың бөлке нан шығарады.Ас атасының бағасы биыл өскен жоқ. Кәсіпорын жетекшілері алға болжам жасаған жоқ. Уақыт көрсетеді. "Рамазан" көтерме дүкендеріне және "Табыс" әлеуметтік дүкендерге, сондай - ақ, "Дина", "Анвар" сауда желілеріне нан бұрынғыдай 86 теңгеден тасымалданатын болады.
Количество показов: 349
Дата создания: 07.12.2023 19:38:17