Мектептер төтенше жағдайға сақадай сай болуы тиіс.
Сценарий бойынша №68 - ші орта мектепке белгісіз біреу еніп, төртбұрышты қорапшаны дәлізге тастап кетеді. Күзетші бөгде біреуді бірден аңғарып, ол кісіні тоқтатпақшы болады. Алайда, бетперде киген адам мектептен қаша жөнеледі. Күзетші мектеп директорына бірден хабар беріп, дабыл қағады.Дабыл құрылғысы ойнаған соң, педагогтар оқушыларды сыртқа шығарады. Балалар лезде мектеп жанындағы спорт алаңына жиналады. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Серік Сраждың айтуынша, №68 - ші орта мектепте төтенше жағдай орын алған кезде балаларды сыртқа шығаратын 5 арнайы есік болуы тиіс.Төтенше жағдай орын алған білім ордасына 4 минутта күзет қызметкері жетті. Істің ақ - қарасын анықтап, сақтық шараларын ұйымдастыруға кіреседі. Айта кетейік, республика көлемінде төтенше жағдайдың алдын алуға орай ұйымдастырылған акцияның бүгінКоличество показов: 401
Дата создания: 29.09.2023 22:47:17