Еріктілердің біріңғай қолдау орталығы құрылмақ.
Еріктілер ерлеп тұр. Қазір қоғамымызды волонтерларсыз елестету қиын. Олар қайырымдылықтан бөлек, құтқару жұмыстарына да белсенді қатысып жүр. Өңірде волонтерлік желі дамымақ. Бүгін Ақтөбеде осы тақырыпқа арналған брифинг өтті. Шараға "Ұлттық еріктілер желісі" заңды тұлғалар бірлестігі мен еріктілерді мемлекеттік қолдау стандартын әзірлеуші мамандар қатысты. Айта кетейік, елімізде 200 мыңға жуық ерікті бар. Оның үш мыңы Ақтөбеде. Бұл ресми мәлімет. Мамандардың айтуынша, қоғамға пайдам тиcе екен дейтін, риясыз волонтерлар саны жыл санап өсіп келеді. Бүгінде елімізде еріктілік қарқынды дамуда. Әйтсе де, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының зерттеуіне сәйкес, жас азаматтардың 82,6 проценті еріктілікпен айналыспағаны анықталған. Әр бесінші жас еріктілік туралы мүлде естімеген. Соған қарамастан, жастар еріктіліктің тұлғалық қалыптасудағы рөлін түсіне бастады. Оған дәлел 2017 жылы өткізілген Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі мен Қысқы Универсиада ойындарында қызмет көрсеткен 8000-нан астам жастардың қамтылуы. Сонымен қатар, әр қалада қарттар, жетімдер, әлеуметтік осал топ отбасылары, апат құрбандары секілді көмек қажет ететін жандарға қол ұшын созып жүрген жастар ұйымының саны жыл санап артуда.Количество показов: 392
Дата создания: 29.09.2023 22:40:41