Биыл Ақтөбеде 26 сәби даун синдромымен туылған.
Статистикалық мәліметтер жаға ұстатады. Осы жылдың 9 айында 26 бала даун синдромымен дүниеге келген. Бұл дерттің бір жылдың ішінде екі есеге артып отырғандығын көрсетеді. Өткен жылы 12 бала мұндай диагнозбен өмірге келсе, биылғы жағдай осындай. Даун синдромын алдын ала білсе де екі ана балаларын дүниеге әкелеміз деп шешкен. Мұндай аналар көп. Ал, мұндай диагноз көбіне жасы 35 тен жоғары жүкті әйелдерге қойылады. Жасы ұлғайған сайын өмірге сәби әкелуді ұйғарған аналар алдымен өз денсаулықтарына көңіл бөлуі тиіс, дейді дәрігерлер.Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Қамқорлық" оңалту орталығында да жылына 600 ге жуық бала қабылданады. Неврология, ортопедия, травматолгия бағыттары бойынша баларға дәрігерлік көмек көрсетіледі. Орталық еуропалық сападағы ең танымал фирмалар жасап шығарған заманауи қондырғылармен жабдықталған.Ананың саулығы-баланың саулығы. Ақ халаттылар дені сау баланы дүниеге алып келу үшін ең алдымен аналардың жауапкершлігі артуы тиіс дейдіКоличество показов: 365
Дата создания: 06.12.2023 22:38:37