Бүгін бірқатар ел алкагольмен күрес күнін атап жатыр.
Арақ-шарап пен сыра, темекі мен насыбай атаулыдан бас тартып, салауатты өмір сүру мүмкін. Алайда, бұл іс барлығының қолынан келе бермейтіні анық. Ақтөбеліктердің пікірінше, тентек суды ұрттайтындар отбасы жоқ, жұмыссыз жүрген әлеует. Егер қоғам алкагольден түбегейлі бас тартса, қылмыс саны да заяр еді, деген пікірде.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормативі бойынша жан басына шаққанда алкогольдік ішімдіктерді 8 литрден көп пайдаланатын елдің генофонды деградацияға ұшырайды екен. Арақтың ағзаға зияны туралы дәрігерлер де айтып, дабыл қағуда. Әйтсе де, ащы судан бас тартқысы келмейтіндер де жоқ емес. Араққа тәуелділіктен арылуға болады, барлығы өз қолыңызда,-дейді психологтар.
Асыл дініміз де спирттік ішімдікке тыйым салған. Статистика бойынша, жүрек-қан тамырлары аурулары мен гипертензия, бауыр дерті де алкагольге әуес адамдардың еншісінде.
Количество показов: 385
Дата создания: 04.10.2023 01:30:51