Азық-түлік күннен-күнге қымбаттап барады.
Бүгінде күнделікті тұтынатын өнім бағасы күннен-күнге шарықтап барады.Облыстық статистика басқармасының мамандары апта сайын азық - түлік бағасына мониторинг жүргізіп тұрады. Сандарды сөйлетсек, ет, сүт өнімдері мен қатар қазір көкөністердің бағасы өскен. Мәселен, осы аптада сәбіздің бағасы 1,5 % - ға өскен. Ай емес, апта сайын қымбаттауда. Тұрғындар тапқан-таянғанымыз ішкен-жегенімізден арылмайды. Ал бағаны ауыздықтауға билік қауқарсыз,-деп налиды. Дүкенге бір кіргенде 5-10 мың теңгесінен қағылатын жұрт, апта сайын тамаққа 30 мың теңге жұмсайтынын айтады. Ал ай сайын азық-түлікке 180-200 мың теңгеларі кетеді екен. Азық - түліктің бағасы күн сайын шарықтап жатыр. Ал, қарапайым халық сәйкесінше жалақымыз өспейді деп наразы. Аспандап кеткен азық-түлік бағасын жергілікті билік бақыласа екен, -дейді.Количество показов: 408
Дата создания: 29.09.2023 03:56:40