Қарияларым-қазынам!
Облыс әкімі Асхат Шахаров қаламыздағы сүт зауыты ауданында орналасқан қарттар үйіне барып, қазынасы бар қарияларымызды мерекесімен құттықтады. Мерекелік шара аясында игі тілегін білдіріп, орталықтағы 200 - ден қарттарымызға гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыс етті. Сондай - ақ, мекеме ішіне жүргізілген құрылыс жұмыстарына көңілі толатынын жеткізді. Айта кетейік, былтыр облыстық бюджеттен 700 млн теңге қаражат бөлініп, №1 - ші әлеуметтік қызмет көрсерту орталығының қасбеті мен іші толықтай жөнделген болатын. Қазір орталықта 120 зейнеткер мен І және ІІ топ мүгедектері бар. Қарттар күні қала мектептерінде де кеңінен аталып өтті. 1 қазан - Қарттар күніне орай Ақжар - 2 елді мекеніндегі Мәлік Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектепте "Үлкендер жолы - ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" атты мерекелік шара өтті. Мектеп ұжымы атынан аудан орталығындағы 200 - ге жуық ауыл қарияларына сыйлықтар табыс етілді. Қарияларымызға жарқын көңіл - күй сыйлап, игі тілектер айтылған салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Айта кетейік, бұл дәстүрлі шара. Мектеп ұжымы қариялардың мерекесін жыл сайын атап өтеді. Айта кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми бекітуімен халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері тойланып келеді. Жыл сайын 1 қазан - қарттар күні аталып өтіп, қарияларымызға ерекше құрмет көрсетіледі.Количество показов: 438
Дата создания: 03.10.2023 01:54:56