Алаяқтардан сақ болыңыз!
Абайлаңыз, алаяқ! Өңірімізде бөгденің мүлкін заңсыз иемденіп, алаяқтық жасайтындар азаймай отыр. Прокурорлар әр тұрғынды жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Телефон арқылы картаңыздың нөмірін немесе ақша талап етсе сенбеңіз,-дейді құқық саласының мамандары. Ақтөбеде 2018 жылы 1000 нан астам алаяқтық факті тіркелді. 2022 жылы бұл көрсеткіш 2000 ға жуықтаған. Биыл өңірімізде "Абайлаңыз, алаяқтар!" пилоттық жобасы жүріп жатыр. Әйтсе де, нәтиже көңіл көншітпейді. Алданып, барынан айырылып жатқандар әлі де бар. Алаяқтар төлем картасынан ақша ұрлаудың көзін тапқан. Яғни, адамның картасын бұзып, есепшотындағы қаражатты оңай жымқырады. Сондықтан, төлем карточкасының кодына сақ болу керек. Ешкімге құпия кодты жариялауға болмайды, – дейді прокурорлар. Интернет алаяқтық өңірде өршіп тұр. Қанша айтылса да, тұрғындарға дауа жоқ. Қоңыраудың ар жағында тұрған адамдарға сеніп, барынан айырылып жатады. Дені-егде жастағылар. Осыдан 5 жыл бұрын Ақтөбеде 1096 жағдай тіркелсе, қазір интернет алаяқтығы деректері екі есе өскен. 2000 нан асып жығылады. Алаяқтар банк қызметкері болып хабарласады. Сондай-ақ, туысыңыздың жол апаты жасағанын айтып, ақша бермесе түрмеге қамаймыз,-деп қорқытады. Бауыр еті баласын немесе немересін құтқару үшін зейнеткерлер барын беруге дайын. Осылайша, алаяқтың арбауына түседі. Прокурорлар, тұрғындарды сақ болуға шақырады. Әсіресе, егде жастағылар. Бұл келтірілген мысалдар тек алаяқтық әрекеттің санаулы түрі ғана. Бұдан бөлек, зат сатып алсаңыз үстіне сыйлықтар береміз, қымбат заттарды арзан бағада жеткізіп береміз, көп мөлшерде несие рәсімдеуге көмектесеміз деген сипаттағы жарнамалардан аулақ жүріңіз, «OLX. kz», «Kolesa.kz» сияқты мобильді қосымшалар арқылы тапсырыстар беру кезінде өте абай болыңыз. Талайды тақырға отырғызған алаяқтардан сақ болайық!Количество показов: 653
Дата создания: 25.08.2023 04:22:03