Қала көшелеріндегі автомобиль жолдарының жағдайы нашар.
Тұрғын қалашық ауданындағы Алтын Емел көшесіне автомобиль жолдары мүлде салынбаған. Салдарынан бұл аймаққа такси көліктері де, жедел жәрдем көліктері де кіре алмайды. Өйткені, көше жолдары асфальттанбаған, сондай - ақ, шұңқырлар қазылған. Тұрғындар жаңбырлы күндері бұл көше көлге айналады, дейді. Баянсұлу Мұқанованың Алтын Емел көшесіндегі тұрғын үйде тұрып жатқанына 30 жылдай уақыт болған. Осы уақыт ішінде бұл көшеге ешқандай жұмыстар істелмеген. Жаңбырлы күнде бұл аймақтың жолдары көлге айналады. Адамдар лай суда жүзіп жүруге мәжбүр. Тұрғындар жауапты мамандарға қанша хабарласқанымызбен ешқандай оң шешім жоқ, дейді.Алтын Емел көшесінде жастар да, егде жастағы адамдар да тұрады. Бұл аймаққа такси түгілі жедел жәрдем көліктері де кіре алмайды. Ал, таксиге тапсырыс берсе, арнайы қосымшаға маңайдағы көшелерді белгілеуге мәжбүр.Мәселенің жай - жапсарын білу үшін қалалық тұрғын үй коммуналдық - шаруашылық бөліміне хабарластық. Жауапты мамандардың айтуынша, биылғы жылға Алтын Емел көшесіне асфальт төсеу жоспарда жоқ. Деседе 2025 жылы Алтын Емел көшесінің жолдары асфальтталуы мүмкін.Количество показов: 546
Дата создания: 01.12.2023 22:31:00