Ақтөбеге алғаш рет"Әлем әуені" атты жылжымалы аспаптар көрмесі келді.
Көшпелі көрменің бұл шаһарымызға алғаш келуі. Алматыдағы Ықылас атындағы халықтық музыкалық аспаптар қорындағы жәдігерлер коллекциясынан топтастырылған экспонаттар қатарында домбыраның бірнеше түрі бар. Көрмеде Абайдың екі ішекті және үш ішекті қос домбырасының көшірмесі тұр. Бұл жерден Жамбылдың, Ақан сері, Біржан салдың, Дина Нұрпейісова мен Махамбеттің ұстаған домбыраларын да кездестіруге болады. Үрмелі аспаптардан көрмеге сазсырнай, үсірткі, желбуаз, бұғышақ сияқты қолданыстан шығып қалған байырғы аспаптар да қойылды. Сонымен қатар бұл жерде әлем халықтарының музыкалық аспаптары да бар. Бүгін көрменің ашылу салтанатына өлкетанушылар, өнер зерттеушілері мен жыршы-күйшілер жиналды. Көшпелі музейдегі құнды жәдігерлер қатарында қазақ музыка тарихында "Алтын ғасыр" аталатын 19-20 шы ғасырда өмір сүрген қазақтың әйгілі әнші-жыршылары мен күйші компазиторлары ұстаған кейбір аспаптардың көшірмелері топтастырылды. Халықтық музыкалық аспаптар көрмесі қазан айының соңына дейін жалғасады.Количество показов: 544
Дата создания: 29.09.2023 22:49:27