Ақтөбеде студенттік жатақханалар тексерілуде
Студенттік жатақханалар жаңа оқу жылына дайын ба? 14-тамыздан бастап өңірдегі жатақханаларга мониторинг басталды. Студенттер үйі қауіпсіздік нормаларына сай ма? Жастарға қолайлы жағдай жасалған ба? Осы мәселелерді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты өз бақылауына алды.Білім беру мекемелері студенттерді толық баспанамен қамтамасыз ете алмай отыр,-дейді мониторинг тобының мүшелері. Әрқайсысында әртүрлі мәселе бар. Су, жылу, электр энергиясымен жабдықтау, санитарлық талаптарға сай келмеуі. Кей жатақханалар жиһазын өткен ғасырдан бері жаңартпапты. Студенттерге обал болды,-дейді комиссия мүшелері.
Студенттердің дені білім алудың орнына, пәтер жалдау үшін табыс табумен әлек. Мәселен, М.Мәметова атындағы Ақтөбе медицина колледжі жатақханасында орын тапшылығы жылдағы мәселе. Алайда проблема жабулы қазан күйінде қалып отыр. 150 балаға шақталған жатақханадан 5000 жасөспірім үмітті. Әсіресе ауыл балаларына қиын. Тұратын жер болмағандықтан пәтер жалдауға немесе туыстарының үйін жағалауға мәжбүр.Бүгінге дейін қаладағы 9 студенттік жатақхана тексерілді. 14-тамызда басталған шара әлі де жалғасады. Мониторинг жұыстарының қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына нұсқаулық жолданбақ. Егер қандай да бір кемшіліктер анықталса, сол мекемеге және мемлекеттік мүдделі органға 15 күн ішінде кемшілікті түзету туралы талап-сұраныс жасалады. Белгіленген аралықта мониторингтік топ сол жерге қайта барып, тексеру жүргізеді.
Количество показов: 685
Дата создания: 28.08.2023 10:18:28