Ақтөбеде қоғамдық көліктерге қысқа даярлық жұмыстары жүріп жатыр
Биыл "Автопарк" ЖШС - не "Yutong" маркалы жаңа автобустар қосылды. Құны 730 млн теңгеге 12 автобус сатып алынды. Қазіргі таңда бұл автобустар 23 бағыт бойынша қатынап жүр. Жылдың соңына дейін құны 2 млрд теңгеге тағы жаңа 30 автобус сатып алу жоспарланып отыр. Қала ішінде жолаушыларды тасымалдайтын жаңа көліктердің келгеніне халық дән риза. Автобустардың жүру жиілілігі де 10-15 минут,-дейді "Автопарк" өкілдері. Қала тұрғындарының айтуынша, жаңа автобустардың іші кең, арнайы желдеткіші де бар. Бастысы-уақытылы жүріп тұрады.Руслан Жылқамановтың айтуынша, қазіргі таңда қоғамдық көліктердің шығыны көбейген. Мәселен, автобусқа қажет қосалқы бөлшектер елімізде жоқ. Тек шет елдерде ғана сатылады. Сондай - ақ, доллардың қазіргі кезде өсуіне байланысты дизель отыны қымбаттауы мүмкін, деп алаңдаулы. Егер жанар-жағармай мен көгілдір отыр қымбаттаса, жол жүру ақысы да өсуі мүмкін,-дейді серіктестік өкілі.Количество показов: 389
Дата создания: 29.09.2023 03:54:09