6 желтоқсан-ҚР прокуратура органдарының құрылған күні.
Жыл басынан бері облыс бойынша облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы 30 - ға жуық тексеріс жүргізді. Атап кетер болсақ, олар жол көлік оқиғасы кезіндегі тексерістер мен ұрлық фактілері бойынша анықталған деректер. Нәтижесінде 2000 - нан астам заңбұзушылық анықталды. Сондай - ақ, 311 адам жауапкершілікке тартылды.Прокуратура - мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау органы. Серік Әбденовтың айтуынша, мұндай жауапты қызмет түріне ең бірінші тұрақтылық пен мемлекеттік қызметке деген адалдық керек. Сонда ғана жоғары белестерді бағындырып, түрлі марапаттың иесі атанасың. Айта кетейік, ведомоство биыл 32 жылдығын атап өтуде. 6 желтоқсан - Қазақстан республикасы прокуратура органдарының құрылған күніне орай шаһарда мерекелік шара ұйымдастырылды. 10 ардагер мекеме атынан алғыс хатқа ие болды.
Количество показов: 359
Дата создания: 06.12.2023 22:33:43