40 бозбала әскери борышын өтеуге аттанды
Баһадүр Өтеулиев бүгін әскерге аттанады. Ол бір жыл бойы Маңғыстау облыстық теңіз жаяу әскерлері қатарында Отан алдындағы борышын өтейтін болады. Әскери міндетін абыроймен өткеріп, мемлекетке қызмет еткісі келеді.Жас сарбаздарды әскерге аттандыру шарасына қала әкімінің орынбасары Гүлнәз Сисенова қатысып, жас жігіттерге ақ жол тіледі. Отан алдындағы борыштарын абыроймен өткеріп, елге аман - есен оралуларын тіледі. Айта кетейік, жыл сайын облыстан 2000 - ға жуық жігіт әскерге аттанады. Отан алдындағы борышын өтіп, елге оралады.Әскери борышын өтеп келген жігіттер республиканың 50 - ге жуық ЖОО - да тегін білім алу мүмкіндігіне ие.Количество показов: 481
Дата создания: 05.10.2023 00:24:32