Признание за труд
Кәсібилік, мол тәжірибе және өз ісіне адалдық республикалық «Еңбек жолы» байқауының өңірлік кезеңінде жоғары бағаланды. «Ақтөбе мыс компаниясының» қызметкерлері жас мамандардың кәсіби өсуінен бастап, тәлімгерлік пен ұрпақтар сабақтастығына дейін еңбек жолының әр қырын көрсетіп, үш жүлделі орынға ие болды.
22 жастағы Нұрсәт ӨМІРБАЕВ, байыту фабрикасының флотация учаскесінің бригадирі, «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясында II орын алды. Нұрсәт компанияға осыдан үш жыл бұрын жұмысқа келіп, осы уақыт ішінде бірнеше мамандықты меңгеріп, флотация операторы болып қалыптасты. Сонымен қатар оқуын жалғастырып, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжін «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша үздік тәмамдады. Бүгінде Нұрсәт бригаданы басқарып, кәсіби білімі мен дағдыларын одан әрі жетілдіріп келеді.
Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында «Весенне-Аралчинское» жерасты кенішінің бас энергетигі Алексей КОБЗАРЬ III орынға ие болды. 33 жыл еңбек өтілі ішінде ол электрмонтерден, газпоршеньді станция операторынан шахтаның бас энергетигіне дейінгі еңбек жолынан өтті. Алексей АМК-да 20 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде жинақтаған өндірістік тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп, олардың кәсіби қалыптасуына үлес қосып келеді.
Тағы бір III орын «Үздік еңбек әулеті» номинациясында ҚАЗТАЕВТАР отбасына бұйырды. Бұл әулеттің үш буыны кәсіби өмірін АМК-мен байланыстырған. Аға буын еңбек дәстүрінің негізін қалап, Нұрлыбек ҚАЗТАЕВ оны жерасты кенішінде жерасты өздігінен жүретін машиналардың машинисі ретінде жалғастырды. Ал бүгінде отбасылық еңбек дәстүріне оның ұлы Әлішер қосылды. Ол «Весенне-Аралчинское» шахтасында шаң-тозаңды желдету учаскесінің шебері болып еңбек етеді.
—
Профессионализм, опыт и верность своему делу получили признание на региональном этапе республиканского конкурса «Еңбек жолы». Сотрудники «Актюбинской медной компании» завоевали три призовых места, представив разные стороны трудовой жизни предприятия – от профессионального роста молодых специалистов до наставничества и преемственности поколений.

22-летний Нурсат ОМИРБАЕВ, бригадир флотационного участка обогатительной фабрики, занял второе место в номинации «Лучший молодой специалист». В компанию Нурсат пришёл 3 года назад, за это время освоил несколько профессий и стал флотатором. Параллельно продолжал обучение и с отличием окончил Хромтауский горно-технический высший колледж по специальности «Обогащение полезных ископаемых». Сегодня Нурсат уже руководит бригадой, продолжая профессионально развиваться и совершенствовать свои знания и навыки.
Третьего места в номинации «Лучший наставник работающей молодёжи» удостоен главный энергетик подземного рудника «Весенне-Аралчинское» Алексей КОБЗАРЬ. За 33 года трудового стажа он прошёл путь от электромонтёра и оператора газопоршневой станции до должности главного энергетика шахты. В АМК Алексей работает 20 лет и всё это время передаёт свой производственный опыт молодым сотрудникам.
Ещё одно третье место – у семьи КАЗТАЕВЫХ в номинации «Лучшая трудовая династия». Три поколения этой семьи связали свою профессиональную жизнь с АМК. Старшее поколение заложило основу традиции, Нурлыбек КАЗТАЕВ продолжил её на подземном руднике в качестве машиниста подземных самоходных машин, а сегодня к семейному делу присоединился его сын Алишер, который работает в шахте «Весенне-Аралчинское» мастером участка пылевентиляции.
















