Мамандықтар туралы – алғашқы ауыздан
Қандай мамандықты таңдаған дұрыс және өнеркәсіптік кәсіпорында жұмыс істеу қандай мүмкіндіктерге жол ашады?
Оқушыларға тау-кен саласының мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында «Ақтөбе мыс компаниясының» қызметкерлері Хромтау және Қарғалы аудандары мектептерінің 9–11-сынып оқушыларымен кездесті.
АМК өкілдері оқушыларға кәсіпорынның жұмысы туралы айтып, сұранысқа ие мамандықтармен таныстырды және әр маманның өндірістік процестегі рөлін түсіндірді. Кездесуде тау-кен ісі, кенді байыту, электр техникасы мен энергетика, сондай-ақ жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бағыттарына ерекше назар аударылды.
Түлектер еңбек жолын бастау, мамандарға қойылатын талаптар, қажетті білім мен кәсіби даярлық, сондай-ақ мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды. Олардың сұрақтарына еңбек жолын қарапайым жұмыс міндеттерінен бастап, өндірісте біртіндеп тәжірибе жинақтаған жас мамандар жауап берді.
«Мен «Ақтөбе мыс компаниясына» 2022 жылы электр жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрмонтер болып жұмысқа орналастым. Бір жарым жылдан кейін емтихан тапсырып, кезекші электрик болдым, кейін энергетик-инженер қызметіне ауыстым. Қазір 27 жастамын, әрі қарай да дамып келемін. Қазіргі уақытта Мәскеу техникалық институтында қатар білім алып жатырмын. Өйткені энергетика саласы дағдылар мен біліктілікті үнемі жетілдіруді талап етеді», – деді АМК энергетик-инженері Артур КЛЕЙМАН.
Мектеп оқушылары мұндай кездесулер болашақ мамандықты жақсырақ түсінуге көмектесетінін атап өтті. Олар мамандықтар туралы алғашқы ауыздан естіп, мамандардың тәжірибе жинақтап, өз саласында қалай дамығанын білуге қызығушылық танытты.
О профессиях - из первых уст
Какую специальность выбрать и какие возможности открывает работа на промышленном предприятии?

Чтобы помочь школьникам разобраться в возможностях горнодобывающей отрасли, сотрудники «Актюбинской медной компании встретились» с учащимися 9–11-х классов школ Хромтауского и Каргалинского районов.
Представители АМК рассказали ребятам о работе предприятия, познакомили с востребованными профессиями и объяснили, какую роль играет каждый специалист в производственном процессе. В центре внимания оказались такие направления, как горное дело, обогащение руды, электротехника и энергетика, техническое обслуживание и ремонт оборудования.
Выпускники задавали вопросы о начале работы, требованиях к подготовке и возможностях карьерного роста. На них ответили молодые сотрудники, которые сами начинали с первых рабочих задач и постепенно осваивались на производстве.
«Я устроился в «Актюбинскую медную компанию» в 2022 году электромонтёром по обслуживанию и ремонту электрооборудования. Через полтора года, после сдачи экзамена, стал дежурным электриком, а позже - инженером-энергетиком. Мне 27 лет, развиваюсь дальше, сейчас параллельно учусь в Московском техническом институте, ведь энергетика требует постоянного совершенствования навыков и квалификации», - рассказал инженер-энергетик АМК Артур КЛЕЙМАН.

Школьники отметили, что такие встречи помогают лучше понять особенности будущей работы, им было интересно узнать о профессиях из первых уст и услышать, как специалисты приобретали опыт и развивались в своей сфере.
















