Безопасность начинается с практики
«Ақтөбе мыс компаниясында» өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға түрлі тәсілдер қолданылады.
Соның бірі – қызметкерлерді тәжірибе жүзінде даярлау. Осы мақсатта өндірістік алаңда арнайы автополигон жабдықталды. Мұнда карьерлік самосвал жүргізушілері ауыр техниканы басқару дағдыларын жетілдіреді.
Автополигон құру бастамасы АМК еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімінің мамандарына тиесілі. Оны жабдықтау жұмыстарын компания қызметкерлері өз күштерімен атқарды. Полигонға жол белгілері орнатылып, жүргізушілерге арнайы жұмыс барысында кездесуі мүмкін кедергілер мен қауіпті аймақтар жасақталды.
«Біздің өндірісте ауыр техника қолданылады. Сондықтан ықтимал қауіп-қатердің алдын ала білген маңызды. Полигонда жүргізушілер тәжірибе жүзінде дайындықтан өтеді. Әсіресе, өз бетінше жұмыс істеуге кіріспес бұрын басқару дағдыларын шыңдап, тәжірибе жинақтауы қажет жаңа қызметкерлерге баса назар аударылады», – деп атап өтті өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау жөніндегі инженер Данияр ӘЖІҒҰЛОВ.
—
В «Актюбинской медной компании» используют разные подходы к развитию культуры безопасности на производстве. Один из них - практическая подготовка сотрудников. Для этого на промплощадке оборудовали автополигон, где водители карьерных самосвалов отрабатывают навыки управления техникой.
Идея создания площадки принадлежит специалистам отдела охраны труда и техники безопасности АМК. Строительство и оснащение выполнили сами работники компании. На полигоне установили дорожные знаки, оборудовали препятствия и участки повышенной опасности, с которыми водители могут столкнуться во время работы.
«На нашем производстве используется тяжёлая техника, поэтому важно заранее предупреждать возможные риски. На полигоне водители проходят практическую подготовку. Особое внимание уделяется новым сотрудникам, которым важно отработать навыки и подготовиться к самостоятельной работе», - прокомментировал инженер по пожарной безопасности и гражданской защите Данияр АЖИГУЛОВ.

















