ҚҰЛНИЯЗОВА БОТАКӨЗ ҚАЖЕНҚЫЗЫ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Ақтөбе қалалық мәслихатының № 22 сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат
ҚҰЛНИЯЗОВА БОТАКӨЗ ҚАЖЕНҚЫЗЫ

Мен, Құлниязова Ботакөз Қаженқызы, Ақтөбе қалалық мәслихатының № 22 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат ретінде сіздерді өз сайлауалды бағдарламаммен таныстырғым келеді.
Менің басты мақсатым — қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, қаланың тұрақты дамуына ықпал ету және халық көтерген өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысу. Біздің басты қағидатымыз — экономикалық өсімді адамдардың тұрмыс сапасын арттырумен ұштастыру, шешім қабылдау кезінде тұрғындардың нақты қажеттіліктерін ескеру және қаланың барлық шағынаудандарының дамуына тең мүмкіндіктер жасау.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
БАҒЫТ 01. ҚАЛАДА ИНЖЕНЕРЛІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ
• Ақтөбе қаласындағы өзекті инженерлік-инфрақұрылымдық мәселелерді көтеру;
• Қаланы көгілдір отынмен және сапалы ауызсумен үздіксіз қамтамасыз ету, су құбыры жүйелерін жаңарту;
• Электр желілерінің жағдайын жақсарту және коммуналдық желілердің тұрақты жұмысын қадағалау;
• Қалаішілік және аулаішілік жолдарды жөндеу, жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін көтеру;
• Тұрғын үй құрылысын дамыту және тұрғындардың баспана мәселелерін шешуге жәрдемдесу.
БАҒЫТ 02. ҚАЛАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ
• Қажеттілігі бар шағынаудандарда жаңа мектептер мен балабақшалар, медициналық нысандар мен мәдениет үйлерін салу және жаңғырту;
• Спорт кешендері мен балаларға арналған шағын футбол және спорт алаңдарын дамыту, ұлттық құндылықтар мен салауатты өмір салтын насихаттау;
• Қолданыстағы әлеуметтік нысандар мен медициналық мекемелерді күрделі жөндеу және материалдық-техникалық базасын жақсарту;
• Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, қала тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту, жастар мен жас мамандардың кәсіби дамуына жағдай жасау.
БАҒЫТ 03. ҚАЛАДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫ ҚОЛДАУ
• Қаладағы өндіріс пен өңдеу бағытындағы инвестициялық жобаларды қолдау;
• Кәсіпкерлердің жер телімдері мен инженерлік инфрақұрылымға қатысты мәселелерін көтеру;
• Жергілікті өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігіне назар аудару;
• Шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау мәселелерін көтеру;
• Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен жеңілдіктерді кеңейтуге және олардың қолжетімділігін арттыруға назар аудару;
• Жергілікті кәсіпкерлік бастамалар мен жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобаларды қолдау.
БАҒЫТ 04. ТАЗАЛЫҚ, АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ БАЙЛАНЫС
• Қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы жинау және шығару, аулалар мен қоғамдық орындардың санитарлық тазалығын бақылау;
• Округ тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізіп, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу.
Қаланы дамыту — ортақ міндет!

Материалды www.rikatv.kz интернет-ресурсының редакциясы («Рика-ТВ» Телекомпаниясы» ЖШС) дайындады және жариялады. Тапсырыс беруші: № 22 сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Құлниязова Ботакөз Қаженқызы. Сайлау алдындағы үгітті жүргізуге бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.