Жүкті келіншектер құтырма ауыруына қарсы егілуден бас тартуда
Ақтөбеде ит - мысық, тышқаннан зардап шеккен жүкті келіншектер құтырма ауруына қарсы екпеден бас тартуда. Бұл санитар -эпидемиологтарды алаңдатып отыр. Өңірімізде құтырма дерті осыдан үш жыл бұрын Байғанин ауданында тіркелген. Ауыл тұрғындарының бірін түлкі тістеген. Дерекке сүйенсек, басқа ауыл- аймақпен салыстырғанда, аталған ауданда жабайы түлкі, қасқыр, қарсақ өріп жүр. Облыс бойынша құтырма ауруына қарсы егілгендердің бірқатары қаңғыбас иттердің азуынан аман қалғандар. Биыл иттерді ату үшін облыс бюджетінен 13 млн теңге қаражат бөлінген. Оның жартысы толығымен игерілді. Ал республика бойынша үстіміздегі жылдың 10 айы көлемінде құтырма ауруына қатысты 7 жағдай тіркелді. Төрт адам қаңғыбас иттерден зардап шегіп, жұққан дерт салдарынан қайтыс болған. Ал екі адам өз итінен және көршінің төбетінен зардап шегіпті. Бұл деректер Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда, Жамбыл облыстарының еншісінде. |
Количество показов: 2075
Дата создания: 21.11.2012 19:04:07