Зағиптар оқи алатын туындылардың саны көбейеді
Қазір республикалық желіде 17 кітапхана, 142 кітапхана пункті бар. Қазірдің өзінде кітапханаларда 43 Брайль принтері мен 198 мың кітап Брайль қарпімен жұмыс істейді, бұл көрсеткіш алдағы уақытта артпақ. Қаламыздағы облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында 42 мың кітап қоры бар. 1965 жылы ашылған кітапхана өткен жылы 55 жылдығын атап өткен. Облыстық арнаулы кітапханасында Брайль қарпінде шығаратын бір-ақ құрылғы бар. Құрылғы арқылы кітапхана мамандары кітапты қолмен теріп, оқырмандарға кітапты нүкте әріптерімен шығарып береді. Айта кетейік, 2024 жылы кітапханаға бюджеттен 1 млн 600 мың тг бөлініп, 250 кітап сатып алынған. Арнаулы кітапханада 1653 оқырман тіркеулі. Оның ішінде 650 оқырман зағип жандар. Солардың бірі Кежебай Үмбетияров. Арнаулы кітапханаға келіп жүргеніне 15 жылдың жүзі болған. Зейнеткер 1- топ мүгедегі. Көз жанарынан айырылған жан дыбысты кітапты тыңдағанды жақсы көремін, дейді. Флешплейер деп аталатын дыбысты кітаптың ішінде радио, теле бағдарламалар бар. Қол жетімді форматтағы құрылғыда бірнеше жазушылардың да кітаптары мен өлең шумақтары дыбысталған.Облыстық арнаулы кітапханада балаларға арналған аудио кітаптар тапшы. Сонымен қатар психология, көркем жанрдағы кітаптар мен аудио кітаптар сұраныста екен. Мұнда сары оқу машинасы бар. Ол көз жанарынан айрылған оқырмандарға қағаз бетіндегі мәтінді дыбыстап беретін құрылғы. Кітапханада бұл машинаның 3 данасы тұр.Количество показов: 312
Дата создания: 17.01.2025 10:23:20