Соңғы жылдары психикалық ауытқуы бар адамдар көбейген
Соңғы жылдары психикалық ауытқуы бар адамдар көбейген. Мұны әлеуметтік желіні көп қолдану, ұялы телефонда жиі отыру мен түрлі гаджеттердің әсері, деген болжам жасайды ғалымдар. Ең өкініштісі бұл кеселден балалар ад қорғалмаған. Телефондағы түрлі ойындар, қызықты қосымшалар, сау адамның бар уақытын алады. Отбасындағы кикілжің мен өзге де стресстік жағдайлар жүйке ауруларына апарады, деген пікірде ақтөбеліктер. Қазір жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері көп. Ол да психикалық ауытқудың бір түрі. Мұндай ой- адамның миына қайдан келеді? ондай жаман нәрсеге не итермелейді адамды? Мұның қалай алдын алуға болады? деген сұрақты психосоматолог мамандарға қойып көрдік.Мамандар отбасындағы ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы балаға 100 пайыз әсер етеді, деген пікірде. Үйдегі атмосфера баланың түздегі әрекетінен көрініс табады. Сондықтан, әр адам жүйелі түрде психологқа барып тұруды әдетке айналдырса абзал. Өйткені, іштегі күйзеліс кейін асықынып психикаңыздың сыр беруіне септігін тигізуі мүмкін. Тағы бір ескеретін жай-адамдағы өзгерісті дер кезінде байқап, маманға апару. Бізде қазақшылыққа салынып, дем салдыруға ұмтылатындар көп, дейді мамандар. Ол біреуге шипа болғанмен, екіншісіне жәрдем болмайды. Асқынып кеткен соң барып ем қонбағанын айта, жыларман халде психикалық денсаулық орталығының есігін қағуға мәжбүр болады.Количество показов: 257
Дата создания: 11.10.2024 07:39:55