Қол көтерді ме- полиция шақыр!
«Үй болған соң ыдыс - аяқ сылдырламай тұрмайды» деп көңілді жұбатып, көшке ілескендей болады көбіне әйел заты. Дегенмен, тұрмыстағы ахуалдың төмендеуіне әкеп соғатын адамның мінез - құлқындағы сабырсыздығы. Елімізде гендерлік саясат негізі әйел мен ердің тең дәрежеде құқын сақтап, қоғамдағы өз орнын саналы түрде белгілеп, бағыт та беруде. Ондағы басты мақсат - отбасындағы сыйластықты сақтай білуге үндеу.Әйтсе де, тұрмыстық зобалаңға шыдаудың қажеті жоқ. Соңы қайғылы аяқталуы мүмкін. Елімізде әйел мен әлсіздің құқығы заңмен қорғалған. Жыл басынан бері ерінің қолынан зардап шеккен 200 ге жуық әйел тіркелген. Балаларының анасын пышақтап тынғандары да бар. Тағы бір отбасылық жанжал шаһарымызда жақында тіркелген. 4 баласының анасына қатігездік танытқан тиран қамауға алынып, сот та өткен. Енді ол 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылмақ. Ары қарай түзелмесе, қамауға аламыз,-деп отыр тәртіп сақшылары. Сондай-ақ полицейлердің жіті бақылауында болады. Қонақтан мас болып келген 46 жастағы ер адам әйелін ұрған. Отбасы 4 бала тәрбиелеп отыр. Жәбірленуші сотта бұған дейін де бірнеше рет соққыға жығылғанын айтқан. Енді ол жұдырық ала жүгіретін жұбайынан ажыраспақ.Өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық азаяр емес. Көрсеткіш жыл санап өсіп отыр. Әйеліне жұдырық алып жүгіретіндерге заң да тосқауыл бола алмай отыр. Мәселен, былтыр әйелдерге қатысты 19 қылмыс жасалды. 4 әйел күйеуінің қолынан қаза тапты. Әйелін өлімші етіп сабайтындар қатары азаяр емес, дейді инспекторлар. 19 жағдайдың 12 сінде ер адамдар мас болған. Өз ісіне жауап бермейтін халде болдық, деп ақталыпты. Үй тирандарын жақтайтын әйелдер де бар. Өз күйеуім, балаларымның әкесі, елден ұят ,-деп заңға тартқысы келмесе керек нәзік жандылар. Мұның соңы қайғыға апаруы мүмкін. Ер адам ашуға ерік беріп, бір рет қол көтерді ме, жағдай жүйелі түрде қайталанып отырады, дейді инспекторлар.Количество показов: 282
Дата создания: 16.07.2024 06:23:41