Облыстық мәслихат сессиясы өтті
Биылғы жылдың алғашқы сессиясына депутаттар түгел жиналды. Сайлауда жеңіске жеткен партиялар атынан таңдалған депутаттар саны- 33. Бүгіннен бастап жұмыстарына кіріскен халық қалаулыларына мандаттары табысталды.
Депутаттар құрамында 11 әйел бар. 13 кәсіпкер, 4-уі мемлекеттік басқару қызметінде еңбек етеді. Ең жас депутат- 24 жаста. Жалпы өңірде өткен сайлауды 1883 саяси партия өкілдері қадағалаған. Сондай-ақ, 406 сенімді өкіл, шет мемлекеттерден келген 6 бақылаушы жұмыс жасаған. Айта кетелік, биылғы жылдың бірінші сессиясында жұмыс барысын пысықтап алған депутаттар құрамы облыстық мәслихаттың төрағасы мен хатшысын сайлап алды. Бес тұрақты комиссия жұмыс жасайтын болады. Әлеуметтік- мәдени даму, аграрлық мәселе, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері назардан тыс қалмақ емес.
Количество показов: 851
Дата создания: 14.01.2021 18:26:28