Оба-қауіпті дерт
Оқу-жаттығу екі бөліктен тұрды. Алғашқысында жұқпалы дертке қатысты зерттеулер мен баяндамалар тыңдалса, екінші бөлігінде оба анықталған түйе оқшауланып,сынамалар алынады. Кейін карантиндік шаралар жүргізіледі. Мамандар түйенің соңғы 7 күндегі жағдайын, басқа малдармен болған байланысын анықтап, мал иеиесінің отбасын бақылауға алады. Ал малдың өлексесі арнайы инсенераторда өртелді.Өңірде ауруға шалдығу қаупі жоғары бес аудан бар. Олар-Шалқар, Ырғыз, Байғанин, Ойыл мен Темір.Оба дерті түрлі кеміргіштер және бүргелер арқылы жұғады. Облыста алғаш оба дерті 1945 жылы Шалқар ауданына іргелес Арал ауданының аймағында таралып, 127 адам көз жұмған. 1993 жылы Шалқар ауданында далада ойнап жүрген 3 жасар сәбиді бүрге шағып алып, оба жұқтырады. Бала көз жұмған. Осы оқиғадан кейін, яғни 1994 жылы Ақтөбеде обаға қарсы күрес станциясы ашылды.Айта кетейік, мұндай оқу-жаттығу шарасы өңіріміздің бірнеше ауданында ұйымдастырылды.
Количество показов: 443
Дата создания: 29.08.2024 07:32:39