Ақтөбелік азаматшаны пойыз сүйреп кетті
Әйел адам пойыз астына түсіп мерт бола жаздады. Төтенше оқиға бүгін таңғы тоғыздан 10 минут өткенде Сельмаш ауданындағы көпір астында орын алды. Темір жолға аяқ басып үлгермесе де тым жақын келген әйелді пойыз іліп әкетіп, бірталай жерге дейін сүйреген. Шамамен 25-30 жастағы азаматша басынан ауыр жарақат алған. Тұла бойының сау тамтығы жоқ. Жедел жәрдем көлігі оны теміржол ауруханасына әкетті. Ауруханада азаматша комаға түсіп кеткен. Төтенше оқиға орнына желілік ішкі істер басқармасы, Ақтөбе стансасындағы локомотив депосы мамандары жиналды. Анықтау жұмыстары жүргізілді. Іске қатысты айғақ заттар алынды. Соның бірі әуен тыңдайтын құлаққап зардап шегушінің өзіне қарсы қолданылуы мүмкін. |
Количество показов: 2251
Дата создания: 11.12.2012 19:00:12