Ақтөбеде нашақор такси жүргізушісі ұсталды
"Лада Гранта" көлігін тоқтатып, жүргізушіні сөзге тартқан тәртіп сақшылары оның әңгімесінің түзеу емес екенін аңғарады. Дереу медициналық сараптама жасатуға алып барады. 35 жастағы ер адамнан алынған сынама оның сол кезде есірткі тұтынғанын анықтап береді. Қала тұрғыны "Яндекс" такси қызметінде жұмыс жасайтын болып шықты. Ұсталған уақытта жолаушылар тасып жүрген. Ол 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Облыста "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы 4 қазанда басталды. Ақтөбелік қоғамдық көлік жүргізушілері 3 күнде 495 мәрте ереже бұзған. Оның ішінде 106 қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзды. Ал маневр ережелерін бұзғаны үшін 84 жүргізуші, ролде ұялы телефон пайдаланған 67 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Облыста республикалық "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы 13- қазанға дейін жалғасады. Рейд кезінде инспекторлар көлік құралдарын тексеріп, жүргізушілерді адам өміріне бей-жай қарамауға шақырады.
Количество показов: 856
Дата создания: 07.10.2021 18:09:11