Ақтөбеде мал арзандады
Ақтөбеде өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда мал бағасы біршама арзандаған. Шаруалар мұны жазда өңірімізде орын алған қуаңшылықпен байланыстырады. Мәселен өткен жылдың осы кезеңінде жылқы қала базарларында 350-400 мың теңге аралығында сатылса, ал биыл Қамбар ата тұқымы 250-300 мың теңгеден саудалануда. Биылғы жаздағы аптап ыстықтың салдарынан өңірімізде қуаңшылықтың орын алғаны белгілі. Осылайша мал азығы шарықтап, жем шөбі жетпеген төрт түлік біршама арықтап қалған. Оның үстіне көршілес Ресей елінен жеткізілетін семіз мал еті де баға нарқына біршама әсер етіп отырған сыңайлы. Қала шетінде орналасқан мал базарда бүгін сатып алушыдан сатушы көп. Содан да болар мұндағылар сатып тұрған малдарын нақты қақына емес, сатып алушылардың шама шарқына қарай саудалап жатқандарын айтады. Мәселен өткен жылы ірі қара мал бағасы 150-180 мың теңгеден саудаланса, биыл сиыр етін сүйсініп жейтін ақтөбеліктерге сүйікті астарын тірілей 100 мың теңгеден сатып алуларына мүмкіндіктері бар. |
Количество показов: 2996
Дата создания: 06.12.2012 20:09:22