«Эврика» начинает публикацию книги Каиркожи Елеусизова
«Эврика» начинает публикацию отрывков из книги экс-акима Актобе Каиркожи ЕЛЕУСИЗОВА «Екі дәуірдің тоғысында / На стыке двух эпох». Главы книги опубликованы на казахском и русском языках.
Эта книга рассказывает о жизненном пути видного государственного деятеля Каиркожи Елеусизова, прошедшего путь от простого аульного мальчишки, родившегося на небольшой железнодорожной станции, до директора совхоза, руководителя одного из районов, первого заместителя акима Актюбинской области и акима города Актобе.
В ней приводятся факты из биографии, оценка событий, в которых автор был зачинателем или же их непосредственным участником, даётся характеристика переломному моменту перехода от советского строя, в котором пришлось работать автору, к независимому Казахстану.
Воспоминания автора иллюстрированы богатым и достоверным экономическим материалом, фактическими данными и фотоматериалами. Приводятся имена сотен людей, с которыми судьба свела К.Елеусизова на разных этапах жизни.
Мен неге кітап жаздым…
Автор туралы:
Қайырқожа Жұмағалиұлы Елеусізов — Қазақстанның мемлекеттік қайраткері.
1950 жылы 20 қарашада Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Изімбет станциясында дүниеге келген. 1972 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Мұғалжар ауданында бастап, 1976-1984 жылдары «Пролетарский» совхозының бас агрономы қызметін атқарды. 1985-1992 жылдары осы аудандағы «Победа» совхозының директоры болды. Ақтөбе ауданының әкімі болып тағайындалып, бұл қызметті 1995 жылға дейін атқарды. 1995-1996 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары,облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 1996-2002 жылдары облыс әкімінің орынбасары болып, өңірдің ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешенін қадағалады. 2002 жылдың қарашасынан 2004 жылдың шілдесіне дейін Ақтөбе қаласының әкімі қызметін атқарды. Кейін облыс әкімінің кеңесшісі болып, 2005 жылдың қаңтарынан бастап Ақтөбе облыстық мобилизациялық дайындық және төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарды.
Қайырқожа Елеусізов қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста.
Уикипедия танымдық мұрағатынан:
Сілтеме: https://ru.wikipedia.org/wiki/Елеусизов_Каиркожа_Жумагалиевич
Алғы сөз
Дүниелік ғұмырда әрбір адамның мақсаты жеке, бірақ олардың барлығы өмірден алынған мағыналы сабақтарды сақтап, өзгелермен бөлісуге бағытталған. Дана халқымызда «Пайғамбар жасы – 63 жас» деген ерекше өмір кезеңі бар. Иә, Пайғамбар жасы деп 63 жасты атау дәстүрі мұсылман мәдениетінде кең таралған. Бұл дәстүр Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) дүниелік ғұмырымен сабақтастырылған. 63 жас көптеген мұсылмандар үшін ерекше мәнге ие, өйткені бұл жасты өмірдің маңызды кезеңі, рухани тереңдікке жету және өмірдің негізгі мәнін түсіну уақыты деп санайды. Осы жаста адамдар өткен өміріне көз жүгіртіп, болашақ ұрпаққа не қалдыратынын ойлап, ізгі амалдарға көбірек көңіл бөлуге тырысады. Бұл жас кезеңі өмірлік тәжірибе мен жинақталған білімді басқалармен бөлісудің тамаша мүмкіндігі болып саналады.
Кітап жазуымның негізгі мақсаттары:
• Рухани ізденіс: Бұл жас – даналықтың, рухани жетілу мен өзіндік тұжырымдардың шыңы. Кітап жазу арқылы адам өз ойлары мен тәжірибесін жинақтап, оны рухани мұра ретінде қалдырады.
• Өмірдің қорытындысы: Бұл кезең өмір жолын қорытындылап, жеткен жетістіктер мен өткен қиындықтарды сараптау уақыты.
• Ұрпаққа үлгі болу: Мұндай еңбектер арқылы келер ұрпаққа даналық, ақыл-кеңес, өмірлік сабақ беру мүмкіндігі туындайды.
• Өмір тәжірибесін бөлісу. Адам өз өмірінде алған білімін, оқиғаларын, жетістіктерін немесе қиындықтарын баяндап, болашақ ұрпаққа сабақ қалдырғысы келеді. Бұл өмірбаян немесе естелік кітабы болуы мүмкін.
• Қоғамға үлес қосу. Өз саласында мол тәжірибесі бар адамдар (ғалымдар, саясаткерлер, кәсіпкерлер) өз білімі мен идеяларын қоғамға жеткізіп, жаңа буынға пайдалы болуды мақсат тұтады.
• Естеліктерді сақтау. Жинақталған тәжірибені, отбасылық тарихты немесе маңызды оқиғаларды жазып қалдыру арқылы өткен өмірдің маңызды сәттерін ұмытылмастай етеді.
Ұлы бабамыз Әйтеке би: «Өмірде адал іс қана мәңгілік қалатынына көзім жетті», деп айтып кеткен. Сондықтан бұл кітап менің жұмысым, ісім, өмірім, тарихым, еңбегім.
Өмірлік естеліктерімде әке-шешем, ауылым, жолдастарым, қызметтестерім, керемет балалық шағым, жастығым бар. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» - деп айтылғандай осы кітабымда өз өмірімді, елге істеген еңбегімді баяндағым келді. Зейнеткерлікке шыққан соң өткен ғұмырыма көз жүгіртсем, қырық жылдан астам еңбек етіппін. Оның тура жиырма жылын Совет үкіметіне арнап, тіпті коммунистік партияның белсенді мүшесі де болып, аудандағы ірі совхоз директорлығына дейін өстім. Тағы жиырма жылды өзіміздің егемендік елімізге қызмет еттім: аудан, қаланы басқардым, облыс басшылығында (облыс әкімінің орынбасары) болдым, төтенше қызмет департаментінде басшы болдым. Осының барлығын өткен шақтың қырынан қарап, өмірлік тәжірибемді ұрпағым мен жеткіншек жастар, көпшілік қауым, ел жұртым біліп, таныссын деген ойдан туындады. Бұл кітапта баяндалғаны ешбір қоспасыз шынайы өмірім мен жинақталған ғұмыр тәжірибелерім.
Кітап жазуым тағы бір басты себебі бар.
Өмірде ұмытылып қаламыз деген үреймен өздеріне тас мүсін ескерткіш қойғызатындар бар. Бірақ та тасты орнынан алып тастау қиын шаруа емес, ал нағыз ескерткіш қағазға түскен дерек ретінде қалу керек деп ойлаймын. Менің еңбек өтілім нағыз қиын, аласапыран уақытқа келді десе де болады. Бір мемлекеттің күйреуі және өзінің тәуелсіздігін алған дербес мемлекеттің құрылуын сырттан бақылаушы емес, құрушылардың қатарында күн-түн демей, аянбай тер төктім. Сондықтан жазушы болмасам да, өткенді тағы бір ой елегінен өткізіп, артта қалған жастар өңірдің тарихын да біліп жүруін парызым деп санап, екі тілде болса да боямасыз, қарапайым тілмен жазба қалдыру керек деп шештім.
«Ел үшін атқарылған қызметінің кейінгі ұрпаққа үлгі болар орны бар» деп рухани қолдау білдіріп, үзеңгілесім, қаламгер Нағашыбай Балмаханұлы, Победа совхозында жетістіктер арналған алғашқы кітапты жариялады. Ол кітапта Сағашилі (Покровка) ауылы Ақтөбе облысында алғашқылардың бірі болып көгілдір отынмен қамтамасыз етілген кездегі атқарылған жұмыстар туралы баяндалған. Екінші кітапта Пролетар совхозында, Ақкемердегі «Бас агроном» лауазымында алты жылдан астам уақыт қызмет еңбегім баяндалады. Үшінші кітабым өздеріңізге ұсыным отырған төл еңбегім.