Инстаграм
Факт

Авторизация

Мы в соц.сетях:   
рус
каз

  • Главная
  • Город
  • Регион
  • Общество
  • Криминал
  • Экономика
  • Культура
  • Спорт
Сегодня: 19.11.2026

ЖҰБАНИЯЗОВА АЙДАНА

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Ақтөбе қалалық мәслихатының № 12 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат
ЖҰБАНИЯЗОВА АЙДАНА

WhatsApp Image 2026-11-17 at 21.25.15.jpeg

        «Әр тұрғынның пікірі маңызды – әр мәселе назарда!»

        Мен, Жұбаниязова Айдана, 2002 жылы 27 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім.
        2019 жылы Ақтөбе қаласындағы № 33 орта мектепті бітірдім. Мектепті аяқтаған соң Баишев университетіне оқуға түсіп, педагог-психолог мамандығын таңдадым. 2023 жылы жоғары оқу орнын сәтті аяқтап, диплом алдым.
        Қазіргі таңда «Нұр-Қан Құрылыс» компаниясында менеджер болып қызмет атқарамын.
        Отбасылық жағдайым – тұрмыста емеспін.
        Менің басты мақсатым – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және қаламыздың тұрақты дамуына өз үлесімді қосу.
        Педагог-психолог мамандығы бойынша алған білімім мен қазіргі еңбек тәжірибемді пайдалана отырып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назарға алып, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етуді көздеймін.

        БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

        1. Әлеуметтік қолдау және халықтың әл-ауқаты
        • Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды қолдау мәселелерін көтеру;
        • Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау;
        • Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру мәселесіне назар аудару;
        • Жастар мен отбасыларға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету бастамаларын дамыту.

        2. Білім беру және жастар саясаты
        • Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселесін көтеру;
        • Жастардың сапалы білім алуына және кәсіби дамуына жағдай жасауға ықпал ету;
        • Жас мамандарды жұмыспен қамтуға бағытталған жобаларды қолдау;
        • Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған үйірмелер мен спорт секцияларын дамытуға атсалысу.

        3. Аула, жол және инфрақұрылым
        • Округ аумағындағы жолдардың сапасын жақсарту мәселесін бақылауда ұстау;
        • Аулаішілік жолдарды жөндеу және жаяу жүргіншілер жолдарын реттеу бойынша ұсыныстар енгізу;
        • Балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарын абаттандыруға ықпал ету;
        • Көшелерді жарықтандыру және қоғамдық кеңістіктердің қауіпсіздігін арттыру мәселелерін көтеру.

        4. Тазалық және экология
        • Аула мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау;
        • Қоқыс шығару және тұрмыстық қалдықтарды жинау мәселелерін шешуге ықпал ету;
        • Көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстарын жандандыру;
        • Тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қолдау.

        5. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту
        • Жастарды жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған ұсыныстар енгізу;
        • Шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру бастамаларын қолдау;
        • Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін азаматтарға ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған жобаларды дамыту;
        • Жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.

        6. Ашықтық және тұрғындармен тұрақты байланыс
        • Тұрғындарды жеке қабылдауды тұрақты түрде ұйымдастыру;
        • Әрбір өтініш пен ұсынысты назарға алып, құзырлы органдарға депутаттық сауалдар мен өтініштер жолдау;
        • Округ тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізу;
        • Депутаттық қызметтің нәтижелері туралы халықты жүйелі түрде хабардар ету.

        МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ
 
       Мен үшін депутаттық қызмет – халықтың сенімі мен үлкен жауапкершілік.
       Әрбір тұрғынның мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс. Сондықтан ашық диалогқа, жауапкершілікке және нақты нәтижеге бағытталған жұмысты басты ұстаным етемін.
 
       Халықпен бірге – ортақ мәселелерді шешу жолында!

       Материалды www.rikatv.kz интернет-ресурсының редакциясы («Рика-ТВ» Телекомпаниясы» ЖШС) дайындады және жариялады. Тапсырыс беруші: № 12 сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Жұбаниязова Айдана. Сайлау алдындағы үгітті жүргізуге бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.


 
Текст сообщения*
Защита от автоматических сообщений
 





Город

«Я – человек-праздник!» «Я – человек-праздник!»

Регион
Общество

Рокировки, наркотики и алкоголь Рокировки, наркотики и алкоголь

Криминал
Экономика
Культура

«Танцуй так, чтобы зрителю было легко» «Танцуй так, чтобы зрителю было легко»

Спорт
Акции

СТЕПНОВ ДЕНИС НИКОЛАЕВИЧ СТЕПНОВ ДЕНИС НИКОЛАЕВИЧ

СТЕПНОВ ДЕНИС НИКОЛАЕВИЧ СТЕПНОВ ДЕНИС НИКОЛАЕВИЧ

ЖАБАЕВ САНЖАР СЕРИКБАЕВИЧ ЖАБАЕВ САНЖАР СЕРИКБАЕВИЧ

ЖАБАЕВ САНЖАР СЕРІКБАЙҰЛЫ ЖАБАЕВ САНЖАР СЕРІКБАЙҰЛЫ

Актюбинскому чиновнику вынесли ещё один приговор по квартирному делу Актюбинскому чиновнику вынесли ещё один приговор по квартирному делу



world-weather.ru/pogoda/kazakhstan/aqtobe/
https://world-weather.ru/pogoda/russia/izhevsk/

HTMLplayer











АРХИВ ГОЛОСОВАНИЙ


  • Главная
  • Авторы
  • Контакты
  • Рейтинги


Рика - рекламно-информационное коммерческое агентство
 Наш адрес: г. Актобе, ул. Ш.Уалиханова, 35
 Тел.: 8 (7132) 212 249;
 Факс: 8 (7132) 212 660;
 Email: rikatv@inbox.ru
Яндекс.Метрика
OldRika
Наверх