Забота - в деле
«Актөбе мыс компаниясының» қызметкерлері жақын маңдағы ауыл тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда. АМК жұмыскерлері ауыл тұрғындары үшін маңызды мәселелерді шешуге және елді мекендерді абаттандыруға белсенді қатысып келеді.
Жақында атқарылған игі істердің бірі - Көктау-1 ауылын ауыз сумен қамтамасыз ететін су ұңғымасының қайта жаңғыртылуы. Энергиямен жабдықтау және желдету цехы мамандарының күшімен су сорғысы, құбырлар мен құбыр жапқышы толықтай жаңартылып, сумен жабдықтау жүйесі жақсартылды. Жаңа орнатылған сорғы әр үйге таза судың үзіліссіз берілуін қамтамасыз етіп отыр. «Жұмыстың сапалы атқарылғанына және бізге көрсетілген қамқорлыққа ризамыз. Бізді ұмытпай, назар аударып жатқандары қуантады», - дейді Коктау-1 ауылының тұрғындары.

Аталған көмек мұнымен тоқтап қалмайды. Бұған дейін де компания қызметкерлері ауылдың орталық су құбырын жедел жөндеп, тұрғындардың бақша суаруына мүмкіндік жасаған болатын. Сонымен қатар, жергілікті дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жөндеп, Ор өзенінің жағалауы мен тас жол бойын тазарту бойынша бірнеше экологиялық акция өткізді.

---
Сотрудники «Актюбинской медной компании» продолжают оказывать помощь жителям близлежащих посёлков. Работники АМК активно участвуют в благоустройстве и решении важных для сельчан вопросов. Одним из недавних добрых дел стала реконструкция водозаборной скважины, которая снабжает питьевой водой посёлок Коктау-1. Благодаря усилиям команды цеха энергоснабжения и вентиляции были полностью заменены насос, трубы и задвижки, обновлена система водоснабжения. Установленный насос обеспечивает бесперебойную подачу чистой воды в каждый дом. «Мы благодарны за качественную работу и внимание к нашим нуждам. Очень приятно, что нас не забывают», - делятся жители Коктау-1.

Но на этом помощь не заканчивается. Ранее сотрудники предприятия оперативно восстановили центральный водопровод, что позволило людям поливать свои огороды, отремонтировали местный ФОК и провели несколько совместных экологических акций по расчистке территории вдоль трассы и у берега реки Орь.