В ритме спорта
«Ақтөбе мыс компаниясы» екі ай бойы спорт ырғағымен өмір сүрді. Тау-кен байыту комбинаты мен кеніштердің бөлімшелері арасында АМК бас директорының кубогына арналған жарыстар өтті.
Турнир бағдарламасында шағын футбол, волейбол, стритбол, армрестлинг, гір көтеру және турникке тартылу болды. Қатысушылар сондай-ақ үстел теннисі, дойбы, арқан тарту және командалық эстафеталарда өзара бақ сынасты. Барлық спорт түрлерінде қатысушылар төзімділік, жинақылық және командалық өзара әрекеттестікті көрсетті.
Жарыстарда тұрақты қатысушылармен қатар турнирге алғаш рет қатысқан спортшылар да үздік нәтижелер көрсетті. Мәселен, АМК теміржол цехының командасы жарысқа алғаш рет қатысып, бірден жеңіске жетті.
«Турнир өте қызықты өтті. Алғаш рет қатыссақ та, командалық эстафетада жеңіске жеттік. Мұндай іс-шаралар әріптестерді жақынырақ танып, ұжымды біріктіруге көмектеседі», – дейді АМК теміржол цехының станция кезекшісі Азамат УСМАНОВ.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Актюбинская медная компания» на протяжении двух месяцев жила в ритме спорта. Среди подразделений ГОКа и рудников прошли соревнования на кубок генерального директора АМК.
Турнирная программа включала мини-футбол, волейбол, стритбол, армрестлинг, гиревой спорт и подтягивание на турнике. Участники также состязались в настольном теннисе, шашках, перетягивании каната и командных эстафетах. Во всех дисциплинах спортсмены проявили выносливость, концентрацию и командное взаимодействие.
Успех сопутствовал как постоянным участникам, так и дебютантам турнира. Так, команда железнодорожного цеха АМК впервые приняла участие в соревнованиях и сразу одержала победу.

«Турнир получился очень интересным. Мы выиграли командные эстафеты, несмотря на то, что участвуем впервые. Такие мероприятия помогают лучше узнать коллег и сплачивают коллектив», - отметил дежурный по станции железнодорожного цеха АМК Азамат УСМАНОВ.
По итогам соревнований победители и призёры были награждены кубками, медалями, грамотами и денежными призами.
















