В Коктау сохраняют и передают традиции
Хромтау ауданының Көктау ауылында «Ақтөбе мыс компаниясының» қолдауымен «Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің ауылдық филиалы ашылды.
Жаңа орталық ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, мәдени мұраны жас ұрпаққа жеткізетін әрі ауыл тұрғындарын ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыратын маңызды алаңға айналмақ.
Көктаулық аналар мен қыз-келіншектер көп жылдан бері ауылдың қоғамдық және мәдени өміріне белсене араласып келеді. Олар түрлі фестивальдерге, шығармашылық кездесулерге, қолөнерге арналған шеберлік сабақтарына қатысып, ұлттық салт-дәстүр мен отбасы құндылықтарын дәріптейтін іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Енді филиалдың ашылуы олардың бірлескен жобаларды жүзеге асыруына тың мүмкіндік береді.

Ауылдың танымал қолөнер шеберлерінің бірі – Айша КИЛИШОВА. Оның тіккен көрпелері Көктау ауылдық округіндегі көптеген шаңырақтың төрінде жаюлы. Шебердің еңбегі тек жергілікті деңгейде ғана емес, өңірден тыс жерлерде де жоғары бағаланады. «Азия және Африка елдерінің рекордтар кітабына енген көрпе дайындау жобасына қатыстым. Сол еңбегіміз үшін грамоталар мен сертификаттарға ие болдық. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Тігін тігуді анамнан үйрендім. Өз қыздарыма да осы өнерді үйреттім. Олар да көрпе тігіп, ұлттық ою-өрнектердің мәнін жақсы біледі», – дейді Айша Килишова.
«Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің Көктау ауылындағы филиалының жетекшісі Баян АЮПОВАНЫҢ айтуынша, ауылдық Мәдениет үйінен арнайы кабинет жабдықталған. Бұл жерде кездесулер, шеберлік сабақтары мен мәдени іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылып, қолөнер түрлері үйретіледі. Сондай-ақ жастардың өз тарихы мен ұлттық тамырын тереңірек тануына мүмкіндік жасалады.
–
В селе Коктау Хромтауского района при поддержке «Актюбинской медной компании» открыли филиал республиканского общественного объединения «Дәстүрге жол».
Новый центр станет площадкой для популяризации национальных традиций, передачи культурного наследия молодому поколению и объединения жителей вокруг общих ценностей.
Женщины Коктау уже много лет активно участвуют в общественной и культурной жизни села. Они проводят и посещают фестивали, творческие встречи, мастер-классы по рукоделию, а также мероприятия, посвящённые национальным обычаям и семейным ценностям. Теперь благодаря открытию филиала у них появится больше возможностей для совместных проектов.
Одна из известных мастериц села – Айша КИЛИШОВА. Её корпе украшают дома многих жителей Коктауского сельского округа. Творчество мастерицы получило признание не только на местном уровне, но и за пределами региона. «Я участвовала в создании корпе для книги рекордов Стран Азии и Африки. Получили грамоты, сертификаты. Это очень приятно. Сама научилась шить у мамы, своих дочек тоже учила, они тоже умеют создавать такие изделия, знают орнаменты», – рассказывает Айша.

Руководитель сельского филиала «Дәстүрге жол» Баян АЮПОВА отметила, что при Доме культуры в Коктау уже оборудован кабинет. Он станет местом для встреч, мастер-классов и культурных мероприятий. Здесь будут рассказывать о национальных обычаях, обучать традиционным ремёслам и помогать молодому поколению лучше узнавать свои корни.
















