Учёба без отрыва от производства
«Ақтөбе мыс компаниясы» мен «КазГеоРуд» кәсіпорындарының қызметкерлері өндірістегі жұмысын жалғастыра отырып, ЖОО түсуге мүмкіндік алып отыр.
Оқу шығындарын кәсіпорындар өз мойнына алған. Қазіргі таңда компаниялардың қолдауымен 130 адам білім алуда.
Солардың бірі – «Құндызды» кенішінің 21 жастағы жұмысшысы Ернар ЗАДЫГЕРЕЙ. Ол Бәйішев университетінің үшінші курсында оқиды. Болашақта тау-кен шебері болуды жоспарлап отыр. Ернар кенішке 2024 жылы жұмысқа орналасқан. Кеніш Мұғалжар ауданындағы өзінің туған Қайыңды ауылына жақын орналасқандықтан, жас маман үйіне жақын жерде еңбек ете алады. Әкесі де осында жүргізуші болып жұмыс істейді.
«Маған өз жұмысым ұнайды, осы салада дамығым келеді. Кәсіпорын есебінен білім алуға болатынын бізге басшымыз айтты. Меніңше, бұл – жас қызметкерлер үшін үлкен қолдау. Білім алып, кәсіби тұрғыдан жетілуге мүмкіндік бар», – дейді Ернар.
Компаниялардың өзге де қызметкерлері Ақтөбе, Хромтау, Қостанай және Рудный қалаларындағы жоғары оқу орындары мен колледждерде білім алуда. Негізгі мамандықтар қатарында тау-кен ісі, металлургия, электр энергетикасы, экономика, пайдалы қазбаларды ашық және жерасты әдістерімен игеру бағыттары бар.
—
Работать на производстве и параллельно получать высшее образование - такую возможность используют сотрудники «Актюбинской медной компании» и «КазГеоруд».

Расходы на обучение берут на себя предприятия. Сейчас за счёт компаний обучаются 130 человек.
Один из них - 21-летний Ернар ЗАДЫГЕРЕЙ, горнорабочий рудника «Кундызды». Он учится на третьем курсе университета Баишева и планирует в будущем стать горным мастером. На карьер Ернар устроился в 2024 году. До родного посёлка Кайынды в Мугалжарском районе отсюда недалеко, поэтому молодой человек может работать рядом с домом. Здесь же водителем трудится его отец.
«Мне нравится моя работа, хочу в ней развиваться. О возможности учиться за счёт предприятия нам рассказал начальник. Считаю, что это хорошая поддержка для молодых сотрудников: можно получить образование, совершенствоваться в профессии», - говорит Ернар.
Другие сотрудники также получают образование в вузах и колледжах Актобе, Хромтау, Костаная и Рудного. Основные направления подготовки - горное дело, металлургия, электроэнергетика, экономика, разработка месторождений полезных ископаемых открытым и подземным способами.

















