Память, которую передают детям
9 Мамыр қарсаңында «Ақтөбе мыс компаниясының» қызметкерлері балаларын ертіп, Ұлы Отан соғысының ардагері Василий ГРЕЦКИЙ және Хромтау ауданындағы тыл еңбеккерлерін құттықтап қайтты.
Кеншілер қарттарға ерлігі мен бейбіт өмір сыйлағаны үшін алғыс айтты. Балалар ардагерлермен сөйлесіп, өз қолдарымен салған суреттерін табыстады.
«Менің атам Өтепберген Сағынтаев та соғысқа қатысқан, – дейді АМК өндірістік оқыту орталығының нұсқаушысы Бақытжан САҒЫНТАЕВ. – Ол Берлинді алуға қатысып, ордендер мен медальдармен марапатталған. Бұл туралы маған ата-анам айтатын, қазір мен оны өз балаларыма айтып жүрмін. Балаларым аталарының ерлігін білсе деймін. Біз бұл естелікті сақтауымыз керек».
Балаларымен бірге компания қызметкерлері Хромтаудағы қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, соғыстан оралмағандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін олар Қопа ауылына барып, дәстүр бойынша тыл еңбеккерлерін құттықтады.

Накануне 9 Мая сотрудники «Актюбинской медной компании» вместе с детьми навестили ветерана Великой Отечественной войны Василия ГРЕЦКОГО и тружеников тыла Хромтауского района.
Горняки поблагодарили пожилых людей за мужество и мирную жизнь. Ребята пообщались с ветеранами и вручили свои рисунки.
«Мой дед Утепберген Сагинтаев тоже фронтовик, - говорит инструктор центра производственного обучения АМК Бакытжан САГИНТАЕВ. - Он принимал участие во взятии Берлина, награждён орденами и медалями. Об этом мне рассказывали родители, теперь - я рассказываю своим детям. Мне важно, чтобы они знали о подвиге своих дедов. Мы должны хранить память».

Вместе с детьми сотрудники компании возложили цветы к мемориалу павшим солдатам в Хромтау, почтив память тех, кто не вернулся с войны. После этого они побывали в посёлке Копа, где поздравили тружеников тыла.
















