Новый медпункт на производстве
На промышленной площадке Актюбинской медной компании в Коктау завершено строительство нового медпункта.
Медпункт для горняков спроектирован с учётом всех современных требований. В нём есть необходимые помещения для проведения профилактических и предсменных осмотров, оказания первой помощи и консультации врачей. Также предусмотрены зоны для хранения медикаментов и процедурная, установлен аппарат физиолечения.
Для улучшения рабочей среды на предприятии регулярно обновляется инфраструктура. В компании рассказали, что за последнее время полностью отремонтированы и оснащены здание отдела технического контроля, общежитие для охраны, КПП. Сейчас ведётся реконструкция общежития на руднике “Весенне-Аралчинское”, запланированы и другие работы по благоустройству вахтовых посёлков и рабочих мест.
---
Көктауда Ақтөбе мыс компаниясының өндірістік алаңында жаңа медициналық бекеттің құрылысы аяқталды.

Кеншілер үшін тұрғызылған медициналық бекет барлық заманауи талаптарға сай жобаланды. Ғимаратта профилактикалық, ауысымдық тексерулер жүргізу, алғашқы көмек көрсету, дәрігерден кеңес алу бөлмелері қарастырылған. Сондай-ақ, дәрі-дәрмек сақтайтын, екпе салатын орындар бар, физиотерапиялық аппарат орнатылды.

Кәсіпорында жұмыс ортасын жетілдіру үшін инфрақұрылым үнемі жаңартылып отырады. Компания хабарлағандай, жуырда шикізатты техникалық бақылау бөлімінің ғимараты, күзетшілер жатақханасы, бақылау-өткізу пункті толықтай жөндеуден өтіп, жабдықталды. Қазіргі уақытта «Весенне-Аралчинское» кенішіндегі жатақхананы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, жұмыс орны мен аумақты абаттандыру бойынша басқа да шаралар қолға алынған.