Новые деревья для уютной территории АМК
Көктаудағы «Ақтөбе мыс компаниясының» аумағында көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Өндірісті экологиялық әрі жайлы етуге ұмтылған кәсіпорында қызметкерлер ағаш отырғызу шарасына белсенді түрде қатысып келеді.
Биыл 300-ден астам жас көшет отырғызылды. Олардың қатарында алма, шие, үйеңкі және қайың бар. Ағаштардың бір бөлігі бақылау-өткізу бекетінің алдына, қалғандары цехтар мен бөлімдердің аулаларына егілді. Барлық өсімдіктер жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген. Жас көшеттердің жақсы өсіп, тамыр жаюы үшін өндіріс аумағына автоматты суару жүйесі орнатылды.
Былтыр күзде мұнда 150 ағаш егілген болатын. АМК өкілдерінің айтуынша, көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Кәсіпорын өндірісті экологиялық және адамдар үшін барынша қолайлы ету бағытында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді.
---
На территории «Актюбинской медной компании» в Коктау продолжается озеленение. Сотрудники активно участвуют в посадке деревьев, поддерживая стремление предприятия сделать производство более экологичным и уютным.
В этом году высажено более 300 деревьев - это яблони, вишни, клёны, берёзы. Часть из них появилась перед контрольно-пропускным пунктом, остальные - во дворах цехов и отделов. Все растения адаптированы к местным климатическим условиям. Чтобы молодые деревья успешно прижились, на промплощадке установлена система автоматического полива.

Осенью прошлого года здесь уже высадили 150 деревьев. В АМК отмечают, что работа по озеленению будет продолжена, предприятие последовательно работает над тем, чтобы производство было экологичным и комфортным для людей.
















