Новогоднее настроение с заботой о будущем
Жаңа жыл қарсаңында «Ақтөбе мыс компаниясы» мен «КазГеоруд» ЖШС игі дәстүр бойынша жақын маңдағы ауылдардың балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Көп жылдан бері мұнда нағыз жаңа жылдық ғажайып ең алдымен жанында өмір сүріп жатқан жандарға көрсетілген назар мен қамқорлықтан басталатынына сенеді.
Компаниялар дайындаған тәтті сыйлықтар Майтөбе, Аққұдық, Көктау, Қопа, Тамды, Бөгетсай, Қайыңды ауылдарындағы балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларына, сондай-ақ Ембі мен Хромтау қалаларындағы мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға табысталды. Барлығы 583 бала тәттілер салынған сыйлық жиынтықтарын алды.
Ал Көктау ауылындағы балаларға биыл сыйлықтардан бөлек, тосынсый да жасалды. Ақтөбе мыс компаниясының қызметкерлері оқушылар үшін шырша ойыншықтарын бояу бойынша шеберлік сабағын өткізді. Саз балшықтан алдын ала әзірленген ойыншықтарды балалар тәлімгерлердің жетекшілігімен жарқын әрі ерекше әшекейлерге айналдырды. Әр ойыншық өзіне тән мінезі мен көңіл-күйге ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шеберлік сабағы оқушыларға жай ғана ойын-сауық емес, бірге уақыт өткізіп, қиялды дамытып, өз қолымен бір нәрсе жасауға мүмкіндік берді. Көптеген балалар жасаған ойыншықтарын үйдегі жаңа жылдық шыршаға мақтанышпен ілетіндерін айтты.
Осындай кездесулер әлеуметтік жауапкершіліктің тек ауқымды жобалармен ғана шектелмей, шынайы эмоциялармен, балалардың күлкісімен және ұзақ уақыт есте қалатын мерекелік сезіммен өлшенетінін тағы бір мәрте дәлелдейді.


Сладкие подарки от компаний вручили воспитанникам детских садов и школьникам начального звена посёлков Майтобе, Аккудык, Коктау, Копа, Тамды, Богетсай, Кайынды, а также детям с ограниченными возможностями и оставшимся без попечения родителей в Эмбе и Хромтау. Всего наборы со сладостями получили 583 ребёнка.
А ребят из Коктау в этом году ждали не только подарки, но и творческий сюрприз. Сотрудники АМК провели для школьников мастер-класс по росписи ёлочных игрушек. Под руководством наставников дети с увлечением превращали обычные заготовки в яркие, уникальные украшения. Каждая игрушка получилась со своим характером и настроением. Как отметили организаторы, мастер-класс стал не просто развлечением, а возможностью провести время вместе, раскрыть фантазию и создать что-то своими руками. Многие ребята признались, что с гордостью повесят свои игрушки на новогоднюю ёлку дома.

Такие встречи ещё раз подтверждают, что социальная ответственность - это не только большие проекты, но и искренние эмоции, детские улыбки и ощущение праздника, которое остаётся надолго.
















