Новая жизнь сельской амбулатории
Хромтау ауданындағы Көктау-2 ауылында күрделі жөндеуден кейін медициналық амбулатория ашылды – бұл жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен қуанышты жаңалық. Осы игі іс Ақтөбе мыс компаниясының қолдауының арқасында жүзеге асты.
Ғимарат толық жаңартылды: іргетасы нығайтылып, шатыры ауыстырылды, жаңа электр желілері тартылды, жылу жүйесі жаңғыртылды, заманауи терезелер мен есіктер орнатылды. Іші жарық, жылы әрі пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін жайлы бола түсті.
«Өте ыңғайлы, енді алысқа барудың қажеті жоқ. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, осы жерден ине салдырамыз, ем аламыз», – дейді Көктау-2 ауылының тұрғыны Зарина КҮЛМАНОВА.
Амбулатория шамамен 1200 адамға қызмет көрсетеді. Мұнда жалпы тәжірибелік дәрігер, медбикелер және әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Облыс орталығынан дәрігерлер келіп қабылдау жүргізеді. Шұғыл жағдайларға арналған күндізгі стационар мен жедел жәрдем көлігі бар.
Ауыл тұрғындары үшін бұл жәй ғана жөндеу емес, сапалы әрі қолжетімді медицинаға жасалған маңызды қадам.

В селе Коктау-2 в Хромтауском районе после капитального ремонта открылась медицинская амбулатория - долгожданное событие для местных жителей. Это стало возможным благодаря поддержке Актюбинской медной компании.
Здание полностью обновили: укрепили фундамент, заменили крышу, провели новую электропроводку, модернизировали отопление, установили современные окна и двери. Внутри стало светло, тепло и комфортно как для пациентов, так и для медперсонала.
«Очень удобно, теперь не нужно ездить далеко. Уколы, системы – всё здесь получаем, если нужно», – делится впечатлениями жительница Коктау-2 Зарина КУЛЬМАНОВА.

Амбулатория обслуживает около 1200 человек. Здесь работают врач общей практики, медсёстры и социальные работники, в определённые дни приезжают врачи из областного центра. Для экстренных случаев есть дневной стационар и машина скорой помощи. Для сельчан это не просто ремонт, а заметный шаг к более качественной и доступной медицине.
















