Форма для будущих побед
Бөгетсай ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне жаңа спорттық киімдер мен доптар табысталды. Жас спортшыларға қажетті спорттық жабдықтарды «Ақтөбе мыс компаниясы» сыйға тартты.
Компания өз кәсіпорындары орналасқан елді мекендерде балалар спортын дамытуға тұрақты қолдау көрсетіп келеді.
Жетінші сынып оқушысы Ақерке АРЫСЖАНОВА үшін жаңа спорттық киім – волейбол алаңына бұрынғыдан да жиі шығуға берілген мүмкіндік. Ол сүйікті спорт түрімен екі жылдан бері айналысып келеді. Бүгінде Бөгетсайда Ақерке сияқты 150-ге жуық оқушы волейбол, футбол, қазақ күресі, бокс және гір спортынан жаттығады.
Жас спортшылардың жетістіктері де көңіл қуантады. Бөгетсайдың футбол командасы ауыл намысын республикалық жарыстарда қорғап жүр. Өткен жылы елордамыз Астанада өткен турнирде үздік төрт команданың қатарына енді.
«Ақтөбе мыс компаниясы» үшін ауылдық округтерде спортты қолдау – жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқан әлеуметтік бастамалардың бірі. Компания бұған дейін Бөгетсай, Көктау, Майтөбе және Қайыңды ауылдарының мектептеріне спорттық құрал-жабдықтар табыстап, Көктау ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін заманауи жаттығу құрылғыларымен жабдықтады.
---
Воспитанники детско-юношеской спортивной школы села Богетсай получили новую форму и мячи. Экипировку юным спортсменам передала «Актюбинская медная компания», которая уделяет внимание развитию детского спорта в населённых пунктах, где работают её предприятия.

Для семиклассницы Акерке АРЫСЖАНОВОЙ новая экипировка – ещё один повод чаще выходить на волейбольную площадку, она занимается любимым видом спорта два года. Сегодня таких ребят в Богетсае немало: около 150 школьников посещают секции по волейболу, футболу, казакша курес, боксу и гиревому спорту.
Результаты не заставляют себя ждать. Сельская футбольная команда представляет Богетсай на республиканских турнирах. В прошлом году юные спортсмены вошли в четвёрку сильнейших на соревнованиях в Астане.
Поддержка спорта в сельских округах для «Актюбинской медной компании» стала системной. Спортивный инвентарь получили школы Богетсая, Коктау, Майтобе и Кайынды, а физкультурно-оздоровительный комплекс в Коктау оснащён современными тренажёрами.
















