Инстаграм
Факт

Авторизация

Мы в соц.сетях:   
рус
каз

  • Главная
  • Город
  • Регион
  • Общество
  • Криминал
  • Экономика
  • Культура
  • Спорт
Сегодня: 13.06.2025

Ер Едіге есімі ұлық талып келеді

«Эврика» продолжает публикацию отрывков из книги экс-акима Актобе Каиркожи ЕЛЕУСИЗОВА «Екі дәуірдің тоғысында / На стыке двух эпох». Главы книги опубликованы на казахском и русском языках.

основное.jpg

        Едіге десе, алдымен ел аузындағы «Едіге деген ер еді, елдің қамын жер еді» деген атам заманнан келе жатқан жыр жолдары есімізге түседі. Едігенің тарихтағы орыны бөлек, әсіресе алты Алаш үшін ерекше. Олай болмаса, бүгінде бірнеше ұлтқа айналған қазақ, ноғай, татар, башкұрт, қарақалпак және басқа ұлттар, жалпы түркі халыктары «Ер Едіге» деп жырламас еді. Едіге туралы жырдын әлем халықтарында елуден астам нұсқалары бар.
        Едіге-тек жырдың кейіпкері ғана емес, тарихта аты қалған зор тұлға.
        Едіге бізсіз де тарихтан ойып тұрып орын алған батыр екенін сонау көне замандарда зерттеушілер тасқа таңбалап кеткен. Мәселен, филология ғылымдарыныңы докторы, едігетанушы Жұбаназар Асановтың айтуынша, ибн Араб-шах, Әл-Айни, Низам әд-Дин Шами, Г.Клавихо, Н.Барбарон зерттеп, аса көңіл аударған. Сондай-ақ Н. Карамзин, Л.Н. Гумилев, В.В. Бартольд және баска ғалымдардың еңбектерінде айтылады. Едігеге мән беріп, үңілген, өміржолын гылымга косқан бұлардың бәрі өзге ұлт өкілдері. Аллага шүкір, Едіге батырдың біз үшін тарихи маңызын насихаттап, келер ұрпаққа жеткізу жолында Актөбеде игі іс-шаралар колға алына бастады. Облыс жэне қала басшыларының қолдауымен Актөбе қаласында Ер Едіге атына көше беріліп жатыр. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев Актөбеде Едігеге ескерткіш орнатуға Астанадан рұқсат алды. Ер Едіге ескерткіші орналасатын орын да анықталды. Ақтөбе каласының төрінен ұлы тұлганың ескерткіші бой көтеріп жатса, ұлттық рухымызды көтеруге өлшеусіз қызмет етер еді. Бұкаралық ақпарат кұралдарында, әсіресе «Актөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде толымды-толымды мақалалар жариялануда. «Қазақстан-Актөбе» телеарнасынан да хабарлар берілді.
        Бұған дейін Мәртөк ауданында аудандық деңгейде ғылыми конференция өтті. Мәртөк ауданындағы қаза болган жерінде Ер Едігеге белгі койылды. Соңдай-ақ бес ауданда, Ақтөбе қаласындағы университеттер мен колледждерде, кітапханаларда ғылыми-танымдық конференциялар өткізілді. Ер Едігенің өмір жолы қазақ елімен, оның ішіңде Актөбе өңірімен байланысты екені анық. Сондықтан да Ер Едігені ұлықтауда актөбеліктер ерекше_іс-қимыл көрсетулері тиіс деп ойлаймын.

Безымянный.jpg

        Қазір Ақтөбеде «Ер Едіге» қоғамдық қоры жұмыс істеуде. Қор төрағасы Ахат Мырзалин, филология ғылымдарының докторы, едігетанушы Жұбаназар Асанов және басқа азаматтар ұйымдастыру жұмыстарының басы-касында жүріп, түрлі шаралар өткізуде. Оның ішінде Ақтөбе қаласында сәуір айында Едігеге байланысты үлкен халықаралық конференция өткізу, оған Монғолиядан, Татарстаннан, Башкұртстаннан, Ресейдің ноғай ауданынан және басқа елдерден ғалымдар келіп қатысуға кұлшыныс білдіріп отыр. Сондай-ақ алаштанушы Тұрсын Жұртбай, Құлбек Ергөбек және басқа қазақстандық ғалымдар қатысатын болады. С.Бәйішев атындағы университеттің президенті Бекежан Ахан бұл халықаралык конференцияны ұйымдастыру және оған дайындық жұмыстарына басшылық жасап отырғанын ерекше айта кету керек.
        Әрине, Ер Едігеге қатысты ауқымды шаралардың көптің күшімен жүзеге асырылатыны белгілі. Сондықтан Едігені бабам деп санап, маңызды шаруаларға өз үлесімді қосамын деген рухы биік, көкірегі ояу, санасы жоғары азаматтар үшін есепшотымызды ұсынамыз.
Қайырқожа ЕЛЕУСІЗОВ
        «Ер Едіге» қоғамдық қорының Қамқоршылық қеңесінің төрағасы

 
Текст сообщения*
Защита от автоматических сообщений
 





Город
Регион
Общество
Криминал
Экономика
Культура
Спорт
Акции

Как «хапают» актюбинские чиновники Как «хапают» актюбинские чиновники

Как 115 актюбинцев на халяву разбогатеть решили Как 115 актюбинцев на халяву разбогатеть решили

Наркодилер не хочет быть потерпевшим Наркодилер не хочет быть потерпевшим

Фильм и рассказ об Алие – на РИКА ТВ Фильм и рассказ об Алие – на РИКА ТВ

Невменяемой признали женщину, задушившую сына и дочь подушкой Невменяемой признали женщину, задушившую сына и дочь подушкой



world-weather.ru/pogoda/kazakhstan/aqtobe/
https://world-weather.ru/pogoda/russia/izhevsk/

HTMLplayer











АРХИВ ГОЛОСОВАНИЙ


  • Главная
  • Авторы
  • Контакты
  • Рейтинги


Рика - рекламно-информационное коммерческое агентство
 Наш адрес: г. Актобе, ул. Ш.Уалиханова, 35
 Тел.: 8 (7132) 212 249;
 Факс: 8 (7132) 212 660;
 Email: rikatv@inbox.ru
Яндекс.Метрика
OldRika
Наверх