День, когда ГОК стал детским приключением
Балаларды қорғау күніне орай «Ақтөбе мыс компаниясында» Көктау ауылының оқушылары үшін өндірістік алаңға технотур ұйымдастырылды.
Кеншілерге қонаққа келген ауыл мектебінің төртінші сынып оқушылары үшін бұл ерекше күнге айналды. Тау-кен комбинаты туралы ата-аналарынан естіп өскен балалар енді оны өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Таңмен таныстықты бастаған балаларды тау-кен өндірісінің ауқымы таңғалдырды. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық үлкен өндіріс әлеміне жолдама іспеттес болды. Әрі қарай олар кеніштің шолу алаңына көтеріліп, алып сатылы карьерді, үздіксіз қозғалыстағы техниканы және алыстан ойыншықтай көрінетін үлкен самосвалдарды тамашалады. Келесі аялдама – өндірістің ауыр техникалары жөндеуден өтетін учаске. Ал зертханада оқушыларға қызықты тәжірибелер көрсетіліп, кеннің қалай тексерілетіні туралы айтылды.

Күн соңында балаларға викторина ұйымдастырылып, ең мұқият қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Барлығына балмұздақ таратылды. Бұл күн балалар үшін ата-аналарының мамандығымен және іргелеріндегі ірі тау-кен кәсіпорнының тыныс-тіршілігімен алғашқы шынайы таныстық болды.
---
В «Актюбинской медной компании» ко Дню защиты детей для школьников из посёлка Коктау организовали технотур по промышленной площадке.

В гостях у горняков побывали четвероклассники сельской школы. Для многих из них ГОК – это место, о котором они слышали от родителей и мечтали увидеть своими глазами.

С самого утра для ребят открылись «взрослые масштабы» горного производства. Инструктаж по безопасности как пропуск в большой мир. И дальше смотровая площадка карьера: гигантские ступени земли, ритм техники и самосвалы, которые кажутся игрушечными только издалека. Следующая остановка – ремонтный участок, где «живут» гиганты производства. А в лаборатории ребят ждали опыты и рассказ о том, как проверяют руду.

В завершение дня: викторина, подарки для самых внимательных и мороженое для всех. Для детей это стало первым настоящим знакомством с профессией родителей и жизнью большого горного предприятия рядом с домом.
















