Қанат Қалжанов – еңбек адамы!
Қанат – көпбалалы отбасында дүниеге келіп тәрбиеленді. Жанұяда үш ер бала және үш қыз бала болып, Ойыл ауданы Жетікөл ауылында өсіп-өнді.
Қанат мектептің 9-шы сыныбын бітіргеннен кейін әкесіне қолқанат болып, ауыл тіршілігіндегі мал бағу, шөп шабу сияқты тынымсыз тірлік ісіне белсене араласып кетті.
2002 жылы Ақтөбе қаласына келіп, киім-кешек базарында сауда-саттықпен айналысты. Осы кезеңде өзінің болашақ өмірдегі жарын кездестіріп, жанұя құрды. Содан 2006 жылы АХҚЗ АҚ жұмысқа адамдар алып жатыр дегенді естіп, зауыттың кадр бөліміне хабарласады. Қанатты алғашқыда ШАҢГАЗ СОРЫП ӘКЕТУ ҚОНДЫРҒЫСЫНА оператор етіп алады. Оның еңбекке деген құштарлығын байқаған цех әкімшілігі оны сүзгі аппаратшысы қызметіне ауыстырады.
Бүгінгі таңда ол өзінің еңбекқорлығы арқасында шлам кептіру учаскесінде аға аппаратшы болып еңбек етеді, қарамағында оған бағынышты 9 жұмысшы бар. Қанаттың зауытта жұмыс істегеніне биыл 19 жыл толған екен. Жұмысына және Жұмыс орнына оның толық көңілі толады, өйткені ол айтады – айлық жалақы уақытынан кешіктірілмей беріледі, қауіпсіздік шарасы зауыт бойынша жоғарғы деңгейге қойылған және де толық сақталады. Жұмыс берушімен және Кәсіподақ комитеті арасында жасалған ұжымдық шарт талаптары толық сақталып, оның жұмысшы құқығы толығымен қорғалған. Сондықтан ол өзінің алдағы өмірін зауытпен тығыз байланыстырады, басқа жерден жұмыс іздеу ойымда тіптен жоқ дейді.
Қазіргі күні Қанаттың отбасында үш баласы тәрбиеленіп жатыр, әйелі балалар тіс емханасында еңбек етеді. Үлкен қызы медициналық колледж бітіріп, қазір жеке емханада жұмыс істеп жүр, екіншісі – бастапқы сынып оқушылары мұғалімдігіне колледжде оқып жатыр. Ер баласы колледждің дене шынықтыру мамандығын бітірейін деп отыр.
Тұрақты еңбекақы арқасында астында өзінің көлігі бар және үстінде ипотекаға алған квартирасы бар. Ипотеканың толық төленіп бітуіне екі жылға жетпейтін уақыт қалды дейді Қ.Қалжанов.
Қолым бос уақытта балық аулайтын өнерім бар дейді, кейбір кезде балықты қона жатып аулап, рахаттанамын дейді нағыз еңбек адамы – Қанат Қалжанов.