АМК передала интерактивное оборудование детскому саду в Коктау
Актөбе мыс компаниясы Хромтау ауданына қарасты Көктау ауылындағы «Жұлдыз» мемлекеттік балабақшасына қолдау көрсетті.
Кәсіпорын өкілдері мектепке дейінгі мекемеге барып, тәрбиеленуші балалармен тілдесіп, заманауи интерактивті жабдық жиынтығын табыстады. Сыйға берілген кешенге интерактивті панель, штатив, моноблок және түрлі-түсті принтер кіреді – барлығы балалардың сапалы әрі заманауи дамуына арналған.
«Жұлдыз» балабақшасында шамамен 30 бала тәрбиеленуде. Балабақша меңгерушісі Зәмзәгүл Нұғманова компанияға алғысын білдіріп, жаңа жабдық балаларды көрнекі әрі қызықты форматта тиімді оқытуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұл – компания жүзеге асырған алғашқы жоба емес. Бұған дейін де АМК қолдауымен Көктау ауылындағы «Нұрлы көш» орта мектебіне интерактивті жабдық орнатылған болатын.

Представители предприятия посетили дошкольное учреждение, пообщались с воспитанниками и вручили комплект современного интерактивного оборудования. Подарок включает интерактивную панель, штатив, моноблок и принтер - всё необходимое для современных развивающих занятий.
В детском саду «Жулдыз» воспитываются около 30 детей. Заведующая Замзагуль Нугманова поблагодарила компанию и отметила, что новое оборудование станет отличным инструментом для эффективного обучения детей в более наглядной и увлекательной форме.
Это не первый подобный проект компании. Ранее при поддержке АМК интерактивное оборудование было установлено в средней школе «Нурлы кош» посёлка Коктау.