100 деревьев для будущего
Хромтау ауданына қарасты Майтөбе ауылындағы мектеп ауласы биыл көктемде ерекше өзгерді. «Ақтөбе мыс компаниясының» бастамасымен мұнда 100 түп көшет отырғызылды.
Мектеп ауласына терек, қарағаш және шаған ағаштары егілді. Ағаш отырғызу жұмыстарына АМК қызметкерлері, оқушылар, ұстаздар мен ауыл әкімдігі өкілдері қатысты.
Мектеп директоры Ладмира ТӘШЕНОВА мұндай шаралар балалардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыратынын айтты.
«Бұл – экологиялық тәрбие берудің жақсы үлгісі. Енді мектеп ауласында өз бағымыз пайда болды, оған бәріміз бірге күтім жасаймыз», – деді ол.
Бұл шара компанияның көгалдандыру бағытындағы ауқымды жұмыстарының бір бөлігіне айналды. Биыл көктемде барлығы 600-ге жуық көшет отырғызылды. Оның ішінде шаған, қайың және жеміс ағаштары бар. Майтөбеден бөлек, жаңа ағаштар кәсіпорынның өндірістік алаңдары мен вахталық қалашықтарында да егілді.
*
Школьный двор в селе Майтобе Хромтауского района этой весной заметно преобразился. По инициативе «Актюбинской медной компании» здесь высадили 100 саженцев.

Во дворе школы появились тополя, карагачи и ясени. В посадках приняли участие сотрудники АМК, сами школьники, учителя и представители сельской администрации.
Директор школы Ладмира ТАШЕНОВА отметила, что такие акции помогают формировать у детей бережное отношение к природе:
«Это хороший пример экологического воспитания. Теперь у нас во дворе появился сад, за которым мы будем ухаживать вместе».

Акция стала частью масштабной работы компании по озеленению. Этой весной высадили около 600 саженцев, среди которых ясени, берёзы и плодовые деревья. Помимо Майтобе, новые деревья также появились на производственных площадках и в вахтовых городках предприятия.
















