ЕГІЗБАЕВ АЗАМАТ БОЛАТҰЛЫ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
№ 5 сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат
ЕГІЗБАЕВ АЗАМАТ БОЛАТҰЛЫ

Мен, Егизбаев Азамат Болатұлы, 1983 жылғы 6 сәуірде Ақтөбе облысында дүниеге келдім. 2000 жылы № 42 орта мектепті бітірдім. 2000–2002 жылдары Орталық Азия университетінде білім алып, 2004 жылы Батыс Қазақстан институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік тәмамдадым. Үйленгенмін, үш баланы тәрбиелеп отырмын.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ
• 2004–2007 жж. — «АктобеБурСервис» ЖШС заңгері.
• 2007 ж. — «ТАТ Групп» ЖШС директоры.
• 2007–2011 жж. — берешекті өндіріп алу саласында, «Актобе Транзит Групп» ЖШС-де және «Қазкоммерцбанк» АҚ-да қызмет атқардым.
• 2013–2015 жж. — Ақтөбе облысы Әділет департаментіне қарасты Сот актілерін орындау департаментінде жұмыс істедім.
• 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін — жеке сот орындаушысы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Президиумының мүшесі және өңірлік палатаның әдеп жөніндегі уәкілі (2019–2024 жж. — Ақтөбе облысы бойынша өңірлік палата басшысының орынбасары).
• Ақтөбе қаласы мен Алматы ауданы әкімдіктері жанындағы ТКШ, тұрғын үй саясаты, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық комиссиялардың жұмысына қатыстым.
• Күштік спорт түрлерінен бес дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы және әлем рекордшысы.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
«Әділет» партиясы атынан № 5 сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттығына ұсыныла отырып, азаматтардың құқықтарын қорғауды, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуді және өмір сүру сапасын арттыруды басты міндетім деп санаймын. Ұстанымымның негізінде әділдік, заңдылық және жауапкершілік жатыр. Депутаттың қызметі даңғаза уәделермен емес, нақты істермен бағалануы тиіс.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1. Сапалы жолдар және аулаларды абаттандыру
Жағдайы нашар жол учаскелері мен аулаішілік өткелдерді тексеруге, оларды жөндеу жоспарларына енгізуге, тұрғындарды жұмыс мерзімдері туралы ашық ақпараттандыруға және сапасыз жөндеуге қатысты шағымдардың қаралуына қол жеткіземін.
Жағдайы нашар жол учаскелері мен аулаішілік өткелдерді тексеруге, оларды жөндеу жоспарларына енгізуге, тұрғындарды жұмыс мерзімдері туралы ашық ақпараттандыруға және сапасыз жөндеуге қатысты шағымдардың қаралуына қол жеткіземін.
2. Көшелерді жарықтандыру және қауіпсіздік
Көшелер мен аулалардағы қараңғы учаскелерді анықтауға, істен шыққан жарықты қалпына келтіруге және тәуліктің қараңғы уақытында жаяу жүргіншілердің, әсіресе балалар мен қарттардың қауіпсіздігін арттыруға күш саламын.
3. Жайлы қалалық орта
Балалар алаңдарын жөндеуге, аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға, барлық буын өкілдеріне арналған демалыс аймақтарын құруға және ортақ аумақтардың санитарлық жағдайын бақылауға ықпал етемін.
4. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау
Заңгерлік тәжірибемді пайдалана отырып, тұрғындарды жеке қабылдауға, құзыретті органдарға өтініштер дайындауға көмектесуге, олардың объективті әрі уақтылы қаралуына қол жеткізуге және заңдылық қағидаттарын қорғауға ниеттімін.
5. Бюджет шығыстарының ашықтығы
Жөндеу мен абаттандыруға бөлінген бюджет қаражатының негізділігі мәселесін көтеріп, тұрғындарды жоспарланған жұмыстар туралы ашық ақпараттандыруға қол жеткіземін, жұмыс сапасын қадағалап, қоғамдық бақылауды қолдаймын.
6. Кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамту
Шағын және орта бизнестің құқықтарын қорғауға, әкімшілік тосқауылдарды жоюға, кәсіпкерлер мен билік арасындағы сындарлы диалогқа және жаңа жұмыс орындарын ашу бастамаларын іске асыруға ықпал етемін.
7. Спортты дамыту және жастарды қолдау
Спортшы ретінде спорттың тәртіп пен мінез қалыптастыратынына сенімдімін. Әлеуметтік жағдайы әртүрлі отбасылардан шыққан балалар үшін спорт алаңдары мен секциялардың қолжетімді болуын, аулаішілік және қалалық жарыстар өткізуді, сондай-ақ жастарды спортқа тарту арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуды қолдаймын.
8. Тұрғындармен ашық диалог
Сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізуге, азаматтардың өтініштерін қабылдауға, мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға және атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы халықты ашық хабардар етуге ниеттімін.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Кәсіби тәжірибем маған заңды құрметтеуді үйретті, ал спорттағы жетістіктерім кез келген мақсатқа тәртіп пен күнделікті еңбек арқылы жетуге болатынын дәлелдеді. Осы қағидаттарды депутаттық қызметімде де басшылыққа аламын. Бірлесе отырып, округімізді одан әрі жайлы, қауіпсіз және әділетті етеміз!
Әрбір отбасына зор денсаулық, бейбітшілік, береке-бірлік пен молшылық тілеймін! Ақтөбе өркендеп, Қазақстанымыз гүлдене берсін!
Құрметпен,
Егизбаев Азамат Болатұлы
№ 5 сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат
«Әділет» партиясы ұсынған

















