ОРЫНБАСАРОВ РАХЫМЖАН ЖАРЫЛҚАПҰЛЫ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
«ӘДІЛЕТ» партиясынан № 12 бірмандатты сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат
ОРЫНБАСАРОВ РАХЫМЖАН ЖАРЫЛҚАПҰЛЫ
2026–2031 жылдарға арналған

ҚҰРМЕТТІ № 12 САЙЛАУ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Мен, Орынбасаров Рахымжан Жарылқапұлы, 1983 жылы Ақтөбе облысының Шалқар қаласында дүниеге келдім. 2000 жылы Ақтөбе қаласының №21 мектеп-гимназиясын бітірдім.
Жоғары білімім бар. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Алматы экономика және статистика академиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алдым. «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Ноттингем университетінде білімімді жетілдірдім.
Еңбек жолымды 2005 жылы Ақтөбе облысының Ішкі саясат департаментінде бастадым.
Кейінгі жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда қызмет атқардым. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары қызметін, сондай-ақ жеке секторда басшылық лауазымдарды атқардым.
Мемлекеттік басқару, халықпен және кәсіпкерлік сектор өкілдерімен өзара іс-қимыл салаларында жинақтаған кәсіби тәжірибемді округ тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге бағыттауды көздеймін.
Қаланың дамуы күнделікті тұрмысқа тікелей әсер ететін мәселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, көшелер мен аулаларды жарықтандыру, абаттандыру, коммуналдық қызметтердің сапасы, тұрғындардың қауіпсіздігі және әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі.
Мен әрбір тұрғынның жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруге құқығы бар екеніне сенімдімін. Ол үшін халықпен ашық диалог орнату, бюджет қаражатына жауапкершілікпен қарау және қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі түрде бақылау қажет.
Менің бағдарламам «Әділет» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Басты назарда – тұрғындардың мүддесі, заңдылық, әлеуметтік әділеттілік, кәсіпкерлікті дамыту және өмір сапасын арттыру.
Депутаттық қызметімде тұрғындар бастамаларының қаралуына ықпал етуге, басым жобаларды қаланы дамыту жоспарлары мен бюджеттік бағдарламаларға енгізуге күш салуға, сондай-ақ атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы халықты тұрақты түрде хабардар етуге ниеттімін.
Менің мақсатым – құр уәделермен шектелмей, № 12 сайлау округі тұрғындарының нақты мәселелерін шешуге жүйелі түрде ықпал ету.
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ
№ 12 сайлау округіндегі жолдардың проблемалық учаскелері мен аулаішілік жолдарды жөндеу мәселелерінің қаралуына ықпал ету. Тротуарларды қалпына келтіру, жаяу жүргіншілер өткелдерін жабдықтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселелерін көтеру. Қоғамдық көліктің қолжетімділігі мен аялдамалардың жағдайын жақсартуға назар аудару.
2. КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Жарықтандыру жеткіліксіз көшелерде, аулаларда және жаяу жүргіншілер бағыттарында көше жарығын орнату мен қалпына келтіру мәселелерін көтеру. Мектептер, балалар алаңдары, қоғамдық көлік аялдамалары мен әлеуметтік нысандар маңындағы аумақтарға ерекше көңіл бөлу.
3. АУЛАЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕРДІ АБАТТАНДЫРУ
Аула аумақтарын жөндеуге, балалар және спорт алаңдарын жаңартуға, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатуға ықпал ету. Тұрғындардың жайлы қоғамдық кеңістіктер құру және қалалық ортаны жақсарту жөніндегі бастамаларын қолдау.
4. САПАЛЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР
Округ аумағындағы сумен және электр энергиясымен жабдықтаудың сенімділігі, инженерлік желілердің жай-күйі мәселелерін көтеру. Апаттық жағдайлар мен коммуналдық мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерінің уақтылы қаралуына ықпал ету, жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы халықты алдын ала хабардар етуге күш салу.
5. ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
«Таза Қазақстан» бастамасын қолдау, көшелер мен аулалардың санитарлық жағдайын жақсарту, қоқысты уақытылы шығару және қоқыс контейнерлері орналасқан алаңдардың тазалығын қамтамасыз ету мәселелерін көтеру.
Аумақты көгалдандыруға, жасыл желектерді сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
6. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ
Құқық саласындағы кәсіби білімімді пайдалана отырып, тұрғындардың өтініштерін қарауға және олардың заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу.
Азаматтардың мәселелерінің уәкілетті органдар тарапынан уақтылы әрі объективті қаралуына ықпал ету. Шешім қабылдау барысында заңдылықтың сақталуына, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарының орындалуына ерекше назар аудару.
7. БЮДЖЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ
Депутаттың өкілеттігі шеңберінде жергілікті бюджетті және округті дамытудың басым бағыттарын қарауға қатысу.
Бюджет қаражатын тиімді пайдалану, шығыстардың негізділігі және орындалған жұмыстардың сапасы мәселелерін көтеру. Қалалық жобаларды іске асыру жоспарлары мен нәтижелері туралы тұрғындарды хабардар етуге ықпал ету.
Депутаттың өкілеттігі шеңберінде жергілікті бюджетті және округті дамытудың басым бағыттарын қарауға қатысу.
Бюджет қаражатын тиімді пайдалану, шығыстардың негізділігі және орындалған жұмыстардың сапасы мәселелерін көтеру. Қалалық жобаларды іске асыру жоспарлары мен нәтижелері туралы тұрғындарды хабардар етуге ықпал ету.
8. КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚОЛДАУ
Шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ету, жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларын және жаңа жұмыс орындарын ашуды қолдау.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі, қолданыстағы заңнама аясында әкімшілік кедергілерді азайту және қаладағы іскерлік белсенділікті дамыту мәселелерін көтеру.
Шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал ету, жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларын және жаңа жұмыс орындарын ашуды қолдау.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі, қолданыстағы заңнама аясында әкімшілік кедергілерді азайту және қаладағы іскерлік белсенділікті дамыту мәселелерін көтеру.
9. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қарт адамдардың, балалы отбасылардың және мүгедектігі бар азаматтардың мүдделерін қорғау.
Қозғалысы шектеулі азаматтардың кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасауға, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың қолжетімді мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға ықпал ету.
Қарт адамдардың, балалы отбасылардың және мүгедектігі бар азаматтардың мүдделерін қорғау.
Қозғалысы шектеулі азаматтардың кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасауға, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың қолжетімді мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыруға ықпал ету.
10. ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
Халықпен кездесулер өткізу, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қабылдау, округтегі өзекті мәселелерді жүйелеу.
Тұрғындардың өтініштерін құзыретті органдарға жолдауға ықпал ету және олардың қаралу нәтижелері туралы халықты хабардар ету.
Тұрғындар мен жергілікті атқарушы органдар арасында ашық әрі сындарлы өзара байланысты қалыптастыруға күш салу.
ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!
Мен халықтың сеніміне тек уәде беру арқылы қол жеткізу мүмкін емес екенін жақсы түсінемін. Оны нақты іспен, жауапты шешімдермен және шынайы нәтижелермен ақтау қажет.
Мен барлық мәселені бір күнде шешемін деп уәде бермеймін. Алайда тұрғындар үшін маңызды мәселелерді жүйелі түрде көтеруге, олардың қаралуына ықпал етуге, округтің мүддесін қорғауға және депутаттық өкілеттігім аясында қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға уәде беремін.
Мен үшін әрбір тұрғынның пікірі ескеріліп, мәселесі назардан тыс қалмай, мүддесі лайықты деңгейде қорғалатынын сезінуі маңызды.
Округімізді дамыту және әрбір отбасының әл-ауқатын арттыру жолында тұрғындардың, мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге дайынмын.
Менің ұстанымым қарапайым: депутат халық үшін жұмыс істеуі, халық алдында ашық болуы және өз жұмысы үшін халық алдында жауап беруі тиіс.
ӘДІЛЕТТІЛІК – НАҚТЫ ІСТЕРДЕ!
№ 12 САЙЛАУ ОКРУГІН БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП ТАЗА, ҚАУІПСІЗ, ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ ӨМІР СҮРУГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЕТЕЙІК!
ҚҰРМЕТПЕН,
ОРЫНБАСАРОВ РАХЫМЖАН ЖАРЫЛҚАПҰЛЫ
Ақтөбе қалалық мәслихатының № 12 сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат
«ӘДІЛЕТ» партиясы ұсынған кандидат

















