Инстаграм
Факт

Авторизация

Мы в соц.сетях:   
рус
каз

  • Главная
  • Город
  • Регион
  • Общество
  • Криминал
  • Экономика
  • Культура
  • Спорт
Сегодня: 23.11.2026

МАМБЕТРЗАЕВ БАҚЫТ ЕСЕНКЕЛДІҰЛЫ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Ақтөбе қалалық мәслихатының № 12 сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат
МАМБЕТРЗАЕВ БАҚЫТ ЕСЕНКЕЛДІҰЛЫ

WhatsApp Image 2026-11-17 at 12.43.02.jpeg

        ҚҰРМЕТТІ № 12 САЙЛАУ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

        Мен, Мамбетрзаев Бақыт Есенкелдіұлы, 1994 жылғы 13 қарашада Ақтөбе облысының Шалқар қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
        2012 жылы Ақтөбе қаласындағы № 24 лингвистикалық мектеп-гимназиясын тәмамдадым. Кейін Алматы қаласындағы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне түсіп, аспап жасау мамандығы бойынша жоғары білім алдым. 2016 жылы университетті аяқтадым.
        Қазіргі уақытта «ASK group KZ» компаниясының директоры қызметін атқарамын.
        Мен үшін жауапкершілік, тәртіп, іскерлік бастама және адамдармен ашық қарым-қатынас орнату – қызметтегі басты қағидалар.
        Егер сіздер маған сенім білдіріп, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты етіп сайласаңыздар, мен өз қызметімді № 12 сайлау округі тұрғындарының мүддесін қорғауға, олардың күнделікті мәселелерін шешуге және қаламыздың дамуына үлес қосуға бағыттаймын.

        МЕНІҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫМ

        1. ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
        • Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды қолдау.
        • Көшелер мен аулаларда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға ықпал ету.
        • Қажетті орындарға жол белгілерін, бағдаршамдар мен жарықтандыру құрылғыларын орнату мәселесін көтеру.
        • Мектептер мен балабақшалар маңындағы жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін жақсартуға ықпал ету.

        2. АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ
        • Аулаішілік жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу мәселесін көтеру.
        • Көшелер мен аулаларды сапалы жарықтандыруға ықпал ету.
        • Балалар және спорт алаңдарын салу, жаңарту және күтіп ұстау жөніндегі бастамаларды қолдау.
        • Қоғамдық орындарды көгалдандыру, санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын бақылауға атсалысу.
        • Тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға ықпал ету.

        3. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ ЖӘНЕ ТҰРМЫС САПАСЫ
        • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал ету.
        • Су, жылу, электр энергиясы және кәріз жүйелеріне қатысты проблемаларды жауапты мекемелер алдында көтеру.
        • Қоқыстарды уақытылы шығару және аулалардың тазалығын қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару.
        • Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдарға жеткізу.

        4. ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК
        • Жастардың сапалы білім алуына, кәсіби дамуына және жұмыспен қамтылуына бағытталған бастамаларды қолдау.
        • Спорттық, мәдени және білім беру іс-шараларының дамуына ықпал ету.
        • Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелеріне назар аудару.
        • Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға атсалысу.
        • Салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық құндылықтарды нығайту.

        5. КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
        • Шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау жөніндегі бастамаларды қолдау.
        • Жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.
        • Жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныстары мен мәселелерін тиісті органдарға жеткізу.
        • Жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың жұмыспен қамтылуына бағытталған жобаларды қолдау.

        6. АШЫҚТЫҚ, ЕСЕПТІЛІК ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС
        • Сайлау округі тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізу.
        • Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмау.
        • Әрбір мәселенің шешілу барысын бақылап, жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізу.
        • Атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға жүйелі түрде есеп беру.
        • Халықтың пікірін ескеріп, маңызды шешімдердің қабылдануына тұрғындардың қатысуына жағдай жасау.

        ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

        Мен депутаттық қызметті тек міндет емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік деп санаймын.
        Менің басты мақсатым – № 12 сайлау округіндегі әрбір тұрғынның ұсынысы мен мәселесіне назар аудару, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді байланысты нығайту және қаламыздың дамуына нақты үлес қосу.
        Мен құрғақ уәде беруден гөрі, нақты мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуді маңызды санаймын. Әрбір бастама тұрғындардың мүддесіне бағытталып, әрбір атқарылған жұмыс нақты нәтижемен бағалануы тиіс.
        Біз бірлесе отырып, Ақтөбемізді өмір сүруге қолайлы, қауіпсіз, таза әрі заманауи қалаға айналдыра аламыз!

        СІЗДЕРДІҢ СЕНІМДЕРІҢІЗ – МЕНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМ!
        СІЗДЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІҢІЗ – МЕНІҢ БАСТЫ НАЗАРЫМДА!
        БІРЛІКПЕН – ЖАЙЛЫ ДА ҚАУІПСІЗ АҚТӨБЕГЕ!


        Материалды www.rikatv.kz интернет-ресурсының редакциясы («Рика-ТВ» Телекомпаниясы» ЖШС) дайындады және жариялады. Тапсырыс беруші: № 12 сайлау округі бойынша Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Мамбетрзаев Бақыт Есенкелдіұлы. Сайлау алдындағы үгітті жүргізуге бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.


 
Текст сообщения*
Защита от автоматических сообщений
 





Город

«Я – человек-праздник!» «Я – человек-праздник!»

Регион
Общество

Рокировки, наркотики и алкоголь Рокировки, наркотики и алкоголь

Криминал
Экономика
Культура

«Танцуй так, чтобы зрителю было легко» «Танцуй так, чтобы зрителю было легко»

Спорт
Акции

ЖАБАЕВ САНЖАР СЕРИКБАЕВИЧ ЖАБАЕВ САНЖАР СЕРИКБАЕВИЧ

ЖАБАЕВ САНЖАР СЕРІКБАЙҰЛЫ ЖАБАЕВ САНЖАР СЕРІКБАЙҰЛЫ

КУЛЬНИЯЗОВА БОТАКОЗ КАЖЕНОВНА КУЛЬНИЯЗОВА БОТАКОЗ КАЖЕНОВНА

ҚҰЛНИЯЗОВА БОТАКӨЗ ҚАЖЕНҚЫЗЫ ҚҰЛНИЯЗОВА БОТАКӨЗ ҚАЖЕНҚЫЗЫ

МАМБЕТРЗАЕВ БАКЫТ ЕСЕНКЕЛЬДИУЛЫ МАМБЕТРЗАЕВ БАКЫТ ЕСЕНКЕЛЬДИУЛЫ



world-weather.ru/pogoda/kazakhstan/aqtobe/
https://world-weather.ru/pogoda/russia/izhevsk/

HTMLplayer











АРХИВ ГОЛОСОВАНИЙ


  • Главная
  • Авторы
  • Контакты
  • Рейтинги


Рика - рекламно-информационное коммерческое агентство
 Наш адрес: г. Актобе, ул. Ш.Уалиханова, 35
 Тел.: 8 (7132) 212 249;
 Факс: 8 (7132) 212 660;
 Email: rikatv@inbox.ru
Яндекс.Метрика
OldRika
Наверх