Дело от сердца
Көктaу ауылында «Ақтөбе мыс компаниясының» еріктілері жалғызбасты зейнеткерлерге шаруашылық жұмыстарына қолғабыс етуде. Бірінің шатырын жөндеу керек болса, енді бірінің ауласындағы шөпті шауып, айналасын ретке келтіруге көмек қажет.
Бұл жолы көмек Татьяна СИНКИНАҒА көрсетілді. Ол Көктaуға 1973 жылы геолог болып жұмыс істеген жолдасымен бірге келген. Татьяна зейнетке шыққанға дейін киномеханик, жатақхана коменданты және бала күтушісі болып еңбек еткен. Қазір жалғыз тұрады. Қорасының ескі шатыры әлдеқашан ауыстыруды қажет етіп тұрған. Алайда мұндай жұмысты жалғыз атқару оңай емес. Бұл туралы еріктілерге айтқан кезде, олар бірден көмекке келді. Ескі шиферді алып тастап, орнына жаңа профлист орнатты. Осылайша, бірнеше сағаттың ішінде шатыр дайын болды. «Бәрін ұйымшылдықпен әрі тез жасап шықты. Енді мұнда су өтпейтін болды. Көп рақмет», – дейді Татьяна Синкина.
«Қиындыққа тап болған жанды сырт айналып өте алмайсың. Қолымыздан келсе, неге көмектеспеске? Бұл – жүрек қалауымен жасалатын іс», – дейді ерікті, КИПиА қызметі басшысының орынбасары Игорь ДАВЫДОВ.
АМК Көктaу және жақын маңдағы ауылдардың қарт тұрғындарына тек осындай тұрмыстық мәселелерді шешуге ғана емес, басқа да бағыттарда қолдау көрсетуге тырысады. Мерекелер қарсаңында зейнеткерлерге материалдық көмек те көрсетіледі. Биыл Қарттар күніне орай Хромтау ауданының 340 тұрғыны осындай көмек алады.
—
В посёлке Коктау волонтёры «Актюбинской медной компании» помогают одиноким пенсионерам по хозяйству. Где-то нужно поправить крышу, где-то - покосить траву или привести в порядок двор.

В этот раз помощь понадобилась Татьяне СИНКИНОЙ. В Коктау она приехала в 1973 год вместе с мужем-геологом. За свою жизнь Татьяна Борисовна успела поработать киномехаником, комендантом общежития и нянечкой. Сейчас она живёт одна. Крышу кладовой давно требовалось заменить, но справиться с такой работой самостоятельно было непросто. Когда она рассказала об этом волонтёрам, те приехали помочь. Сняли старый шифер, установили новый профлист, и всего за несколько часов крыша была готова. «Всё сделали дружно и быстро. Теперь здесь не будет течь. Спасибо большое», - говорит Татьяна Борисовна.
«Если можем помочь своими руками - почему бы и нет, это по зову сердца», - поделился волонтёр, заместитель начальника службы КИПиА Игорь ДАВЫДОВ.

В АМК стараются поддерживать пожилых жителей Коктау и близлежащих сёл не только в бытовых вопросах. К праздникам пенсионерам также оказывают материальную поддержку. В этом году ко Дню пожилых людей поздравят 340 жителей Хромтауского района.
















