Рой кооперативіне үш жыл
Рой кооперативіне үш жыл. Осыған орай Ақтөбеде екі отбасыға жеңілдікпен баспана берілді. Үйлі болғандардың бірі 11 балалы отбасы болса, екіншісі ата-ана қамқорлығынсыз қалған үш жасөспірім. Қыздардың анасы былтыр жол апатынан көз жұмған. Ал 11 балалы отбасы бұған дейін пәтер жалдап тұрып келген. Компания ата-ана қамқорлығынсыз қалған үш қызға 1 бөлмелі пәтер табыстады. Былтыр көз жұмған аналары компанияға үлескер болған. Қазір қыздардың үшеуі де әжесінің қолында. 7 , 9 және 12 жастағы үш бүлдіршіннің енді өз баспаналары бар. Шарт бойынша несиені 5 тен 7 жылға дейін бөліп төлеу қарастырылған. Осы уақыт аралығында баспаналы болған үлескерлер қарызын қайтаруы тиіс. Ақша айналымға шығарылып, кейінгі үлескерге жұмсалады. Барлығы да кезек негізінде. Кооператив коммерциялық немесе қаржылық ұйым емес. Ақша айналдырумен де айналыспайды. Пирамида деп күмәндануға да негіз жоқ дейді компания өкілдері. Айта кетейік, Ақтөбеде Рой кооперативі арқылы 100 пәтер берілген.Количество показов: 1017
Дата создания: 14.06.2022 15:05:06