
– Бізге алдымен адамның өмірі қымбат. Сондықтан, кеншілердің өмірінің қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу керек, – деді.
М.Бекеевтің айтуынша, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасының кен қоры 100 жылға жетеді екен. Ондағы мердігер неміс компаниясының кен қазу жұмыстарындағы жаңашылдықты баяндап, аталмыш технологияны алдағы уақытта Дөң ТКБК-ге де енгізу көзделіп жатқандығын айтты. Марал Мұңсызбайұлы материалдық-техникалық базаның күшейтілуі, жаңа техникалардың әкелінуі, сонымен қатар, қалақұрушы кәсіпорынның болашағы жөнінде де баяндап берді. Аудан әкімі А.Бердалин аудан көлемінде соңғы жылдары жаңадан мәдени-әлеуметтік нысандардың салынбағандығын алға тартып, М.Бекеевке Дөң тау-кен байыту комбинатының ауданның дамуына өз үлесін қосуы керектігін айтты.

